«Алкон+» фирмасына 20 жыл

20 жыл бұрын мемлекетіміздің тарихында жаңа ғаламдық дәуір ашылды: Астананың - жаңа елорданың тууы. Ол жаңа жобалар мен кәсіпорындарды ашу мен дамыту үшін берекелі жағдай туғызды. Сол себепті өзінің 20-жылдық мерейтойын елордамен бірге туған ғана емес, әрі оның құрылысының белсенді құрушысына айналған компаниялардың дәл бүгінгі күні атап өтуі заңды құбылыс.

ЭКСПО-2017 көрмесі территориясының «Энергия-Холл» залында, бүгінгі күні «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығында «Алкон+» Фирмасы» ЖШС мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. 

Маслихат депутаттары салтанатты іс-шараға кіріп шықты және «Алкон+» Фирмасы» ЖШС ұйымын және оның директоры Аман Біләлұлы Аюповты 20-жылдықпен құттықтады. Депутаттардың атынан, өз атынан және өз ұйымынан – Астана қаласының Онкология Орталығынан депутат М.Е.Тулеутаева сөз сөйледі және құттықтау хатты  Астана қаласы маслихатына тарту етті. 

Ол ерекше жылулықпен директорға және барлық еңбек ұжымына кәсіпқойлық, өндірілетін өнім сапасы, құрылыстар мен көрсетілген қызмет үшін алғысын білдірді. Олардың жауапты еңбегі арқасында астаналықтарға жоғары қызмет көрсетілетінін айрықша атап өтті, сапалы әйнектер және қасбеттер, олардың көпжылдық қолданысы, ал қалалық архитектура – ерекше заманауи көріністер жаңа мәдени-білікті мемлекеттің «бренді». 

«Алкон+» Фирмасы» ЖШС – алюминий, металлопластикалық құрылыстар мен шыныпакеттерді өндіру саласында Қазақстан Республикасы бойынша көшбасшы. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып панелді жүйенің қасбеттік әйнектеу өндірісінің және монтаждаудың инновациялық технологиясын игерді. Бұл технология бойынша «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының әкімшілік ғимараты үшін және «Marriott» қонақ үйі үшін жұмыстар жүргізілген. Компания витраждары Халықаралық EXPO 2017 көрмесінің павильондарында, халықаралық Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының терминалында, «Қазақстан» спорт Сарайында, ҚР Парламент Сенатының ғимараттарында, «Көрме» көрме залында, «Назарбаев зияткерлік мектеп» ғимараттарында, «Назарбаев Университетінің» медицина мектебінде және тағы да басқа көптеген әкімшілік орталықтарда және Астананың тұрғын үй кешендерінде орнатылған. 20 жыл ішінде компания қызметкерлері 750 000 ш.м. жарықөткізгіш құрылыстарын өндіріп шықты.

Бірақ «Алкон+» фирмасы тек орындалған үлкен көлемдегі орындалған жұмыстар ғана емес, ал бірінші ретте – бұл өнділіретін тауардың сапасы және монтажды жұмыстардың өндірілуі.

Барлық өткен уақыт аралығында дәл осы сапа үшін компанияны бағалайды, әрі олармен қатынастарын үзбеуге тырысады, әрдайымғы серіктестері: «BI Group» құрылыс холдингі,  «BazisHoldihgCompany» ЖШС, «Хайвил-Құрылыс» ЖШС, «СК «Құлагер» ЖШС, «MABETEX GROUP» компания тобы, SEMBOL CONSTRUCTION АҚ, «SelenaInsulations – Селена Инсулейшнс» ЖШС, Schuco.KZ ЖШС және тағы да басқалары. Серіктес мекемелердің басшылары - жиын қонақтары үлкен алғыстарын айтып, келешекте даму мен жемісті серіктестіктің жалғасуын тіледі.

Баға жетпес мөлшерде «Алкон+» Фирмасы» ЖШС құрылып, дамып, жандануы жолында еңбек атқарған мекеме директоры Аман Аюповты ерекше атап өткен кеш қонағы – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ахметов С.К. 20 жыл бұрын өз жұмысын ерекше махаббатпен орындаған, отандық жаңа өндіріс жасауға талпынған, Қазақстанның өндіріс жұмысы мен құрылысының дамуына үлес қосуға асыққан жетекші А. Аюповтың үлкен ұжымына ғана емес, өзге де қалалық құрылыстардың басшыларына сенім мен ынта келді. «Алкон+» компаниясы ел азаматтары мен билік өкілдерінің сенімі мен үмітін ақтап, отандық индустрияның дамуына елеулі үлес қосты. ҚР Парламентінен Ахметов С.К. құттықтау хатын тарту етті, әлі жас, бірақ тәжірибесі мол отандық компанияға халықаралық көлемде де жандануды тіледі.

«Нұр Отан» партиясының атынан Астана қалалық партия филиалы басшысының орынбасары Шунгульшин М. К. құттықтау сөзін айтып өтті. Ол ұжымға үлкен алғысын білдіріп, жоспарларының орындалуын, болашаққа сенімді көзқарас болуын және өндірістік дәстүрлерді сақтауын тіледі.

Компания жұмыстарының нәтижесі жайлы қызыл тілмен шұбатып қызметкерлерге қарата алғыстар айтылып жатты. Салтанатты сөз сөйленгеннен кейін сахнаға монтажшылар, құрыстырушылар, менеджерлер, бөлімше басқармалары – бүгінгі күні компанияны құрап тұрған, ортақ енгізіліммен фирманы алға итермелеп келе жатқан, шын еңбекпен қызмет етіп келе жатқан жұмыскерлер шықты. Олардың қолдарымен елордамыз – Астана қаласы құрылды. Үздік қызметкерлен мен жұмыскер фирманың алғыс хаттарымен және «Астана Экспо-2017» АҚ алғыс хаттарымен марапатталды.