Ашық форматтағы сұхбат

Қалалық маслихаттағы кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов және Астана қаласы маслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов құқықтық сауаттылық, экология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік, қолжетімді баспана және басқа спектрдегі маңызды мәселелерді талқылады.

Кездесу барысы бейресми болғаннан кейін депуттар бірден ашық сұхбатқа көшті.  Қонақ жақын арада маслихат өзінің отырыстарында қандай сұрақтарды көтеретіні туралы және қала тұрғындары халықтың сайлаушыларына қандай мәселелермен жиі жүгінетіні туралы білгісі келді. Маслихат депуттаттары қаланың тіршілік әрекетінің барлық сферасына, оның ішінде тұрғындардың денсаулық сақтау, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қамтамасыз ету сұрақтары бойынша да түсінуге тырысамыз, - деді маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов. Мысалы, оның айтуынша, тұрақты комиссия мүшелері әрдайым шығу жиындарын әртүрлі қызмет көрсететін қала объектілерінде өткізеді.  Егер шығу жиындарында қаралған мәселелерді орында шеше алмаса, ол мәселені тұрақты комиссия мүшелерінің отырысна шығарып, өкілетті орган басшыларымен көпшілік тыңдау жасалады. Осылайша,  жұмыскерлердің  материалды-техникалық жабдықтауды жақсарту,   құқық қорғау органдары, қаланың инфрақұрылым құрылысы және абаттандыру сұрақтары шешілді. Қазір халық таңдаулыларының алдында мүмкіндігі шектеулі адамдардың қалада жүріп-тұру сұрақтары және қаланың шет аймақтарының мәселелерін шешу міндеті тұр.

– Қазақстан өзінің экономикалық даму және қоғамдық демократизация жолымен келе жатыр. Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутатының қазіргі таңдағы міндеті- елордамыздың әрбір тұрғынына экономиканың негізгі принциптерін және модерлендіру идеясын жеткізу болып табылады деп атап өтті. - Мемлекет өз даму жолында әр жыл сайын қала құрылымдарымен өзара әрекет бойынша оң көрсеткіштер көрсетіп жатыр. Келешекте осы қарқын сақталады деп үміттенеміз, - деді мәжіліс депутаты.

Өз кезегінде Магеррам Магеррамов заң шығаратын орган депутаттары үлкен жұмыс атқарғанын және келешекте осы бағытпен жүруге тілектес екенін білдірді. Магеррам Магеррамов Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі ретінде  азаматтық қоғам құру және құқықтық демократиялық мемлекет құруға үлкен көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Бұл дегеніміз, атқарушы билік пен құқық қорғау жүйесінің халық алдындағы  жауапкершілігін арттыру болып табылады.