Астана делегациясының Анкара қаласына сапары

2018 жылдың 5-6 қыркүйегінде Анкара қаласында Седжон, Анкара, Исламабад, Путраджая, Бразилиа, Доха сияқты қалалардың өкілдері қатысқан әкімшілік қалалардың Дүниежүзілік Қауымдастық Конгрессі өтті. Конгресс өзара тәжірибе мен әкімшілік қалалар тап болатын сын-тегеуріндерді талқылау үшін жиналды.

Мәслихат хатшысы Ж.Г. Нурпиисовтің басшылығымен Астана қаласының делегациясы конгресс аясында Анкараның мэры Туна Мустафа мырзамен кездесу өткізді. Астана мен Анкараның болашақ серіптестігі жайлы және 2020 жылы келесі конгресстың Астана қаласында өткізілу сұрақтары талқыланды.

Мәслихат хатшысы Ж.Г. Нурпиисов конгресстың пленарлық отырысында осы жылы елордамыз Астана қаласына 20 жыл толғанын және осы жылдар арасында Астана әр түрлі салада көп нәрсеге қол жеткізгенін сөз етті. Бүгін Астана – бұл Президентіміздің жүргізіп жатқан саясаты арқасында көп істе жетістікке жеткен, әбден жүзеге асқан жоба. Осындай уақыт аралығында әлемнің басқа қалаларымен салыстырсақ, Астананы ең тез өскен қалалардың бірі деп және әлем көлеміндегі жемісті урбанистік жоба деп санауға болады.

Астана әлем қалаларының дамуын одан да терең зерттеу үшін «әлемнің жаңа астаналары» қауымдастығының құрылуын қолдайды. Егіз қалалар ретінде Астана мен Анкара екіжақтық серіктестікті қолдап келеді. Әкімшілік қалалардың дүниежүзілік қауымдастығы бұл қалалар арасындағы серіктестік пен тәжірибе алмасу үшін жаңа қадам екенін мәслихат хатшысы өз сөзінде атап өтті.