Астана қ. маслихат хатшысы Нүрпейісов Жанат Ғазизұлына

Біздің қаламыз Астана тек сұлулығымен ғана емес сондай-ақ өзінің мықты іскер адамдарымен де танымал. Өз кезегімізде бүгін біз «Сарыарқа» ауданының №3 сайлау бөлімшесінің сайлаушыларымен сайланған, қалалық маслихаттың депутаты ретінде үлкен қоғамдық жұмыстар атқарып жүрген Батпенов Саят Нұрланұлының жұмысына тоқтала кетуді жөн санадық. Ол кісінің қолға алуымен Кумисбекова, 9/1, 9/2 көшесіндегі тұрғын үй кешенін абаттандыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Балаларға екі ойын алаңы, футбол алаңы салынды, көшеміз көгалдандырылып жарық тартылды, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге қауіпті болып табылатын Күмісбекова және Кубрин көшесінің қиылысына арнайы бағдаршам орнатылды. Жаяужодарды абаттандыру бойынша жұмыс қарқынды жүруде. Сонымен қатар алдағы уақытта көшемізде орналасқан, жаңа архитектураның сәнін бұзып тұрған ескі гараждарды бұзуды қолға алса деген тілегіміз бар және сол тілегіміз жақын арада 2019 жылы жүзеге асады деп сенеміз. Саят Нұрланұлының тағы бір айта кететін игі ісі ол, Күмісбеков көшесіне су құбырының тартылуы болып табылады, су құбыры тартылғаннан бері құбырдағы судың қысымы артып, тоқтаусыз су келіп тұратын болды.

Батпенов Саят Нұрланұлы сайлаушылардың өтініштерін жеке бақылауда ұстап, оның оң шешілуін қадағалайды, бұған көше тұрғындарының алғысы шексіз.

Сондай-ақ осы қолайлы жағдайды пайдалана отырып құрметті қала маслихатының депутаттарын Нүрпейісов Жанат Ғазизұлын, Сыдықов Ерлан Батташұлын, Төлетаев Мұхтар Есенжанұлын, Батпенов Саят Нұрланұлын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас қайрат және сәттілік тілейміз. Әрбір адам өзінің мейірімділігімен басқаның өмірін жақсарта алады.

Ізгі тілекпен Күмісбекова, 9/1 көшесінің тұрғындарынан

Еңбек ардагері, ҚР ЕК еңбек сіңген қызметкері:

Тойкин Асхат Хайрулбашарұлы - 16 кв.

 

Еңбек ардагерлері:

Тимофеева Фаина Алексеевна - 12 кв.

Тунгатов Нұрмағанбет - 8 кв.