Астана қалалық маслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Астана қалалық мәслихатының мәжіліс залында  алтыншы шақырылым  қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Кезектен тыс он сегізінші сессияға алтыншы шақырылымның 24 депутатынан 19депутат қатысты, 5 депутат белгілі себептермен қатыспады. Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ҚР заңына сәйкес сессияның жұмыс істеуі үшін орын бар. Сессияға Астана қаласы әкімінің орынбасары  Лукин Андрей Иванович, Алматы, Сарыарқа аудандары әкімдерінің орынбасарлары, қаланың құқық қорғаушылар органдарының басшылары, қала департаменттері мен басқармалар басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары қытысты. Шайдаров М.З. қалалық маслихаттың сессиясын ашық деп жариялап, күн тәртібіндегі мәселені талқыламас бұрын қала әкімінің орынбасары Лукин Андрей Ивановичке сөз берді.

«Қайырлы күн, құрметті депутаттар мен шақырылған қонақтар! Қала әкімінің тапсырысы бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен тығыз қарым- қатынаста болып, жеткілікті қамтамасыз етілмеген қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету барысында белсенді ат салысқаны үшін, сондай-ақ «25 қайырымды іс» акциясын жүзеге асыруға өз үлесін қосқаны үшін Мещеряков Илья Николаевичке алғыс хат беруге рұқсат етіңіздер!»,- деді қала әкімінің орынбасары Лукин Андрей Иванович.

Сессия мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілді. Есеп комиссиясы құрамына екі депутат, атап айтсақ Әбден Қарақат Жақсылыққызы мен Досаев Уалихан Мақсатұлы бірауыздан қабылданып, депутаттар сессия күн тәртібіндегі мәселелерге дауыс берді. Нәтижесінде келесі мәселелер кезектен тыс он сегізінші сессия қарауына енгізілді:

1. Астана қаласының № 20 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың депутатын сайлау қорытындылары туралы ақпарат.

2. Астана қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне  Жеңіс күніне орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы.

3. Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қоюға байланысты жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі шарттардың жобаларын келісу туралы.

4. «Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының  2016 жылғы 23 ақпандағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін инвестициялық субсидиялау мәселелері  жөніндегі комиссияның  құрамы туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6. Астана қаласы мәслихатының  2016 жылғы 23 қыркүйектегі «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері  жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

7. Астана қаласы мәслихатының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.

         Астана қаласының № 20 сайлау округі бойынша қалалық мәслихаттың депутатын сайлау қорытындылары туралы ақпаратпен таныстыру үшін сөз кезегі Астана қаласы қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Я.Шефер мырзаға берілді.

         «Қазақстан Республикасының Конституция заңдарына сәйкес қалалық сайлау комиссиясының шешімі бойынша 2017жылдың 26 наурызына №20 сайлау округінен депутаттардың шығуына байланысты орнына жаңадан қалалық маслихат депутаттарын сайлау белгіленді. Барлығы 5 кандидат ұсынылды, оның 2 Нұр Отан саяси партиясы мен Комунистік Халықтық партиясының ұсынысы бойынша, қалған 3 кандидат өз еркімен сайлуға түсті.

         Қазақстан Республикасы Конституциясының 104- бабына сәйкес қалалық маслихат депутатығына сайлаудан Оразханов пен Исмаиловтар шығып қалды. Нәтижесінде сайлауға 3 кандидатура- К.К.Таукен, А. Шишкина, Ж.Құмарбековтер түсті. Дауыс беру  үстіміздегі жылдың 26 наурызында 7 учаскеде өтті. 7426 (86,7%) дауыс жинаумен 1974жылғы Астана қаласның тұрғыны, «Нұр» компаниясының төрағасы К.К.Таукен мырза қалалық маслихат депутатына сайланды»,- деп сайлау қорытындыларымен таныстырды А.Я.Шефер мырза. Сондай- ақ, сайлау комиссиясының атынан К.Таукен мырзаны құттықтап, Астана қаласы маслихатының куәлігін тапсырды.

         «Астана қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету»  туралы Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Оспанов Е.С. әлеуметтік көмек корсету ережелеріне сәйкес Астана қаласы Ұлы Отан соғысының әр  қатысушысына жалпы сомасы 500000 теңге қосымша көмек көрсетілетінін, бұндай әлеуметтік көмекті Жеңіс күніне орай 125 соғыс ардагеріне көрсету үшін бюджеттен 43 млн. 750000 теңге қажет етіледі. Ұсынылған жоба қолданыстағы заңға қарама-қайшы келмейтінін ескертіп, комиссия мүшелерінің қолдауын сұрады.

         Осы тұрғыда қала әкімінің орынбасары Лукин А.И. Ұлы Отан соғысының қатысушыларын қолдағандарына алғыс білдіре отырып, тұрғын үй беру тапсырмасы бойынша тұрғын үйге мұқтаж 4 Ұлы Отан қатысушысына пәтер берілгендігін хабарлап, бұдан былай Астана қаласында баспана қажет ететін Ұлы Отан қатысушылары мен инвалидтердің жоқтығын айта кетті.

          «Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қоюға байланысты жер учаскелерін және өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі шарттардың жобаларын келісу туралы» Астана қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Ахметов Р.А. баяндады. Өз кезегінде 2млрд. 387 млн. қаржыға салу жоспарланған объектілермен, яғни тұрғын үй кешендері, желекжол, парк, мектептердің координаттарымен таныстырып, дауыс беріп қолдауын сұрады. Шешім бірауыздан қабылданды.

         «Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының  2016 жылғы 23 ақпандағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы маслихатының хатшысы Нұрпейісов Ж.Ғ. ақпарат берді. Ол Қоғамдық кеңестің құрамынан келіп түскен өтініш негізінде 4 адамның кетуіне байланысты іріктеу ережелеріне сәйкес Астана қаласы маслихаты құрған жұмыс тобының дауыс беруімен таңдалған кандидаттармен таныстырды. Олар: Қуанышов Т.Ш., Нұркенов Е., Аяған Б.Е., Әміре А.К. Аталған кандидатураларға дауыс беріп, қолдауларын сұрады.

Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін инвестициялық субсидиялау мәселелері  жөніндегі комиссияның  құрамы туралы  шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г.Т.Ермолдина сөз кезегін алды. Өз сөзінде ол кадр құрамындағы кейбір өзгерістерге байланысты қала әкімінің шешімі бойынша комиссия құрамынан Ермолдина, Жаппарова, Ғафуров және Самаевтардың орнына Досанов, Муслимова, Садықова, Бисенбаевтар комиссия мүшелері ретінде енгізілгенін жеткізді.

Астана қаласы мәслихатының  2016 жылғы 23 қыркүйектегі «Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері  жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Қожабаева Ә.Т. мінбеге көтеріліп, сраптамалық кеңестің құрамындағы өзгеріс туралы ақпарат берді. Мәселе бірауыздан қолдауға ие болып, сессия қарауына жіберілді.

         Астана қаласы мәслихатының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы қалалық маслихаттың уақытша комиссиясы төрағасы Шекенов М.Е. баяндады. Қазақстан Республикасының Конституция заңдарына сәйкес  сайлау өткізуге дайындықты ұйымдастырушы мемлекеттік орган- таңдау комиссиясы болып табылады. Сайлау комиссиясы өкілеттілігінің мерзімі 5жылды құрайды. Оларды қалалық маслихаттың таңдайтынын, сондай-ақ, бекітілген мерзім көлемінде комиссия құрамына өзгетулер енгізе алатынын, сайлау комиссиясы саяси партияларды таңдай алатыны және бірқатар ережелер тәртібімен таныстырып өтті. Ұсынылған мәселе мен өзгерістер бірауыздан қолдау тапты.

         Астана қалалық маслихатының депутаттары өз дауыстарын  беріп болған соң, кезектен тыс он сегізінші сессияны Шайдаров М.З. жабық деп жариялады.