Астана қалалық мәслихат депутаты Оралов Асхат Раздықұлы өз округінде сенбілік өткізді

Астана қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары, мәслихат депутаттары фракциясының мүшесі Оралов Асхат Раздықұлы өз округінде сенбілік өткізді.

Сенбіліктің өтетін орны жиырмасыншы округ, Сафарбек, Анна Ахматова және Күйші Дина көшелерінің бойында болды. Тазалық жұмыстарын жүргізу және ағаштарды отырғызу шарасына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шиповских Геннадий Геннадьевич, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері қатысты.

Жиырмасыншы округ аймағында жүргізілген абаттандыру жұмысына жүзден астам адам қатысты. Шара соңында белгіленген орынға 50 түп тал ағаштары отырғызылды.

Сондай ақ, нөмері жиырмасыншы округ аймағында белсенді шаралар легі: сенбілік, спорттық турнир, мерекелік концерттік бағдарламалар, қазыналы қарттарға және ардагерлерге жиі көңіл бөліну, балалар алаңқайларының көптеп ашылуы, жолдардың жөндеуден өтуі, үй алаңдарына абаттандыру жұмыстарының жүргізілуі, тұрғындар мәселелерінің шешілуі және т.б. жүргізілген ісшаралар қала тұрғындарын қуантуда.

Сенбілік соңында мәслихат депутаты Оралов Асхат қатысушыларға алғысын білдірді. Шара естелік суретке түсу рәсімімен аяқталды.