Астана қаласы халқына медициналық қызмет көрсету мәселелерін жақсарту «Депутат күнінде» талқыланды

Астана қаласының мәслихатында «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың  2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қала халқының медициналық қызмет көрсетуді жақсарту жай-күйі мен шаралары туралы» тақырыбына депутат күні өтті.

Денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.К.Сегізбаеваның баяндамасын тыңдап, депутаттар денсаулық сақтау басқармасының халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және қолжетімділігі бойынша шаралар қабылданып жатқандығын атап өтті.

Денсаулық сақтау тәжірибесіне жаңа инновациялық технологиялар енгізілуде. Емдеу-профилактикалық кеңесі құрылды және қызмет көрсетеді, тіркеу жұмыстары бір ізге қойылған, Call-орталықтар көп арналы телефон байланысы орнатылды, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына жеке қызмет көрсету ұйымдастырылды. Сенім телефондары қызмет көрсетеді, мамандарға және диагностикалық тексеруге алдын-ала жазбаға өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Тіркеу қызметкерлерінің саны артты, сондай-ақ электронды рецепт бағдарламасы іске қосылды, бұл диспансерлік науқастардың есебін ретке келтіруге жәге ПМСП кезектілігін төмендетуге мүмкіндік береді.

Зейнеткерлерге медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін қаланың барлық емханаларында Ұлы Отан соғысы мүгедектерін, қатысушыларын және оларға теңестірілген тұлғаларды қабылдау үшін жеке кабинеттер ашылды. № 4 қалалық емхана базасында «Алтын жылдар» клубы қызмет көрсетеді, онда зейнеткер жасындағы тұлғалар үшін денсаулық сақтау мәселелері бойынша тренингтер мен семинарлар өткізіледі.

Депутат күнінде «Астана қаласының «электронды әкімдігі» бағдарламасы шеңберінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету қолжетімділігі мен сапасы туралы мәселесі де талқыланды, талқылау нәтижелері бойынша депутаттар электронды әкімдікті іске асыру кезінде халықтың пікірі мен қажеттілігін ескеру қажет екендігін, сондай-ақ көрсетілетін электронды қызметтер сапасын арттыру қажет екендігін атап өтті.

Депутат күнінде қалалық мәслихаттың депутаттары, басқармалар мен департаменттердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.