Астана қаласы маслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісовтың басшылығымен "Алматы" ауданы әкімінің халық алдындағы кезекті есеп беру кездесуі өтті

Маслихат хатшысы кездесуді аша отырып, 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың "Орталық атқарушы органдары басшыларының, әкімдерінің, ректорлардың және ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халық алдындағы есеп беруін өткізу туралы" № 190 Жарлығын орындау үшін және Астана қаласының әкімі Асет Исекешевпен бекітілген кестеге сәйкес бүгін, "Алматы" ауданы аумағында аудан әкімі Әділбек Сарсембаевтың кезекті халыққа есеп беру кездесуінің өтіп жатқанын және оның мақсаты - атқарушы органдардың халық алдындағы айқындылығын, жауапкершілігі мен есептілігін арттыру және қалада іске асырылып жатқан жоспарлар мен бағдарламалар, өткен жылдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетістіктері, бағдарламалардың маңызды көрсеткіштеріне жету және бұдан кейінгі дамудың негізгі бағыттары мен міндеттері туралы ақпараттандыру болып табылатындығын атап өтті.

Кездесу өткізу тәртібіне сәйкес, төраға қатысушыларға өзекті мәселелерді көтеруді және әкім есебінің аяқталуы бойынша ауызша және хатшылыққа жолдануы қажет жазбашалар көмегімен ұсыныстар беруді ұсынды. Барлық түскен жазбалар міндетті түрде қарастырылатын болады. 

Кездесу барысында аудан тұрғындарымен өте маңызды мәселелер көтерілді. Бұл - жол жөндеулері, қалалық қоғамдық көліктердің жұмысы, жылы аялдама павильондарын тұрғызу, Интернационалды, Мичурино және Күйгенжар тұрғын алқаптарындағы жол құрылысы мен инженерлік желілер бойынша жұмыстардың аяқталуы, аудан шетіндегі инфраструктураны жақсарту, Қырқыншы мен Теміржол тұрғын алқабы станциясындағы тұрғын үйлерді электр қуатымен қамтамасыз ету, бұдан әрі квартал ішіндегі аулаларды көгалдандыру және көптеген басқа да мәселелер.

Аудан әкімі Әділбек Сарсембаевпен қойылған барлық сұрақтарға түсінікті жауаптар берілді. Ұсынылған ұсыныстар бақылауға алынды.

Төрағалық етуші - маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов кездесуді аяқтай отырып, бүкіл аудан тұрғындарына бүгінгі кездесуге қатысқандары үшін алғысын білдірді, аудан тұрғындарына жазбалардағы қойылған барлық сұрақтар мен түскен мәселер бойынша іс-шаралардың әзірленетінін және жауаптары заңнамамен бекітілген мерзімде берілетіндігне сөз берді.

Кездесуге қалалық маслихат депутаттары, мемлекеттік құрылымдар мен коммуналдық кәсіпорын басшылары, құқық қорғаушы органдар мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.