Астана қаласы маслихатының тұрақты комиссиясында астананың басты қаржылық құжатын талқылау басталды

Астана қаласы маслихатының тұрақты комиссиясында Мәжит Шайдаровтың төрағалық етуімен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша «2017-2019 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы жайлы» мәселе қаралды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Жүсіпова өз баяндамасында жобаның Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексіне, 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі бесжылдық кезеңге жасалған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына жасалған болжам негізінде ел Үкіметінің қаулысымен бекітілген жергілікті бюджетті зерттемелеу ережелеріне сай жасалғаны мен дайындалғандығы жайлы айтты. ҚР «2017-2019 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық мәндегі қала, астана бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» Заңының жобасына сай Ұлттық экономика министрлігі Астана қаласы үшін 73,8 млрд. теңге сомасындағы бюджеттік алуларды белгіледі.

Қала бюджеті жұмсайтын негізгі шығындар - бұл астана азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсарту, ал ол денсаулық сақтау да, білім беру де, әлеуметтік қорғау да, бюджеттегі қаражаттар, сонымен қатар, мәдени және қала халқының бос уақытын ұйымдастыру саласындағы іс-шараларды жүргізуге жұмсалды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Эрик Байжүнісов тұрақты комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, «Туберкулезбен, жұқпалы аурулармен, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуымен және, соның ішінде психикалық белсенді заттектерді пайдаланумен байланысты өзін ұстау жұмысының бұзылуымен азаптанушы тұлғаларға медициналық көмек көрсету» бағдарламасы жайлы айтты. Депутаттарды медициналық бейіндегі ғимараттарды күрделі жөндеу жайлы мәселелер де қызықтырды. Оның айтуынша, қала бюджетіндегі денсаулық сақтау бөлігіне денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығындарына жұмсалатын «Денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарының күрделі шығындары» бағдарламасы белгіленген. Тағы соншалық маңызды мәселелердің бірі Астана қаласының шеткері аймақтарына медициналық көмек көрсету болды. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуы бойынша, қала бюджеті «Халыққа аудандық мәндегі және ауылдардағы денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек және тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі аясында амбулаториялық-емханалық көмек көрсету» бағдарламасы бойынша шеткері аймақтардың тұрғындарына көмек көрсету қарастырады.

Халықты әлеуметтік қорғау бөлігінде де бірнеше бағдарламалар қарастырылған. Ведомства басшысы Ермек Оспанов тұрақты комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, кейбір мәселелер жайлы толығырақ айтты. Соның ішінде, «Жалпы түрдегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі (ұйымдардағы) қарттар мен мүгедектерге арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету» бағдарламасы. Қарастырылған бюджеттік қаражаттар жалпы түрдегі медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қарттар мен мүгедектерге арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жұмсалатын болады. Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуді, сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуді белгілейтін Бағдармаларды жүзеге асыруға арналған шығындар қарастырылып жатыр.

Мәдениет, мұрағат және құжаттамаларды басқару басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина өз баяндамасында қатысушыларға жергілікті бюджет көмегімен шешуге болатын мәселелер жайлы айтып берді. ЭКСПО-2017 қарсаңында «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шаралар жүргізу», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бойынша қалаларды дамыту аясында нысандарды жөндеу» бағдарламалары қажет болды. 

Жалпы, тұрақты комиссия мүшелері бюджеттік бағдарламаларды - денсаулық сақтау басқармасының, жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының, мәдениет, мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының алдағы 2017-2019 жылдарға арналған әкімшілер бюджетін мақұлдады.

Тұрақты комиссия жұмысына Астана қаласы маслихатының хатшысы Ж.Г.Нұрпиісов, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.