Астана қаласы мәслихатының 45-ші кезектен тыс сессиясы өтті

Кезектен тыс сессияда көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдаушаралары бойынша шығындардың қосымша бастамалары қаралды.

Бюджеттік қаражаттың негізгі бағыттары туралы стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Оразғұлов Расул Қабдоллаұлы  баяндады.

Қала бюджетін нақтылау кезінде әлеуметтік салаға қосымша 1 млрд. 687 млн. теңге бағытталды. Сонымен, ағымдағы жылы әлеуметтік салаға арналған қалашығындары 150 млрд.теңгені немесе бюджеттің жалпы көлемінің 35% - ын құрайды.

Азаматтардың жеңілдікті санаттарын әлеуметтік қолдау үшін жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша 30-дан астам төлем түрі және 12,2 млрд.теңге сомасына басқа да қолдаушаралары көзделген. Бұдан басқа, жылдық көлемі 3,0 млрд.теңгеден асатын, мұқтаж көп балалы отбасыларды қолдаудың қосымша шаралары пысықталды.

Ағымдағы нақтылау аясында келесі қолдаулар көрсетілді: тұрғын-үй көмегін төлеуді орта есеппен 18% - ға арттыру, қатты отын сатып алу және барлық санаттар үшін төлем мөлшерінің өсуі 8-ден 16 АЕК-ке дейін немесе 40 мың теңге.

Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде қоғамдық жұмыстар арқылы жұмыссыз халықты қамту санын арттыруға қосымша 150,0 млн.теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Астана қаласы мәслихаты бекіткен азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар: «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы», Астана қаласының мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы», "Астана қаласының мүгедектері қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы", "Астана қаласында көші-қон процестерін реттеу туралы" және «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету туралы».

Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Бұдан басқа, сессияда үш жылды құрайтын Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің 25 адамнан тұратын жаңа құрамы бекітілді, оның ішінде: азаматтық қоғамнан (коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан) 22 өкіл және мемлекеттік органдардан 3 өкіл.

Астана қаласы мәслихаты сессиясының жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары АсқарАмрин, аудан әкімдері, басқармалар, департаменттер басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.