Астана қаласы мәслихатының депутаттары кезекті сессияға дайындық шеңберінде Астана қаласының тұрғын үй құрылысы объектілеріне барып қайтты

Бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаттары «Елордада тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен оны дамыту болашақтары туралы» мәселесі бойынша кезекті сессияға дайындық шеңберінде Астана қаласының тұрғын үй құрылысы объектілеріне   барып қайтты.

Ағымдағы жылдың 6-шы және 7-ші  қыркүйегінде мәслихат депутаттары     «Сарайшық» тұрғын үй кешенінің  6, 7, 9, 10, 11 лоттарына, №12, №28, №38 паркингтері бар көппәтерлі түрғын үй кешендеріне, С.Сейфуллин көшесіндегі «Сапа» көппәтерлі түрғын үй кешеніне,   19-ші лот, В-10/1 (1-ші кезек), (17- ші лот, Б-5/2, 1-ші кезек,) түрғын үй кешендеріне барды.

Құрылыс  объектілерге бару кезінде мәслихат депутаттары аталған тұрғын үй кешендерін салу  жұмыстарымен танысып, ұжымдарымен кездесті, олардың келелі мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Осы аталған объектілерге Астана қаласы құрылыс басқармасы бастығының м.а.  Н. Нұрсағатов пен Астана қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры Қ. Бисембаев депутаттармен бірге барып қайтты.