Астана қаласы мәслихатының депутаты Қ.Ж. Абденнің білім мәселелерін талқылауында қатысуы

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ә. Бектұрғановтың төрағалығымен Партиялық комиссияның отырысы өтті.

ҚР Ғылым және білім министрлігінің ақпаратына сүйенсек, бүгінде еліміздегі мектептердің 58 пайызында және балабақшалардың 19 пайызында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған екен.⠀

Бүгінгі отырыстан түйгеніміз, 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша мектептердің      70 пайызында және мектепке дейінгі ұйымдардың 30 пайызында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалыпты.

Отырыс қорытындысында Комиссия мүшелері уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеп жіберетін болып тарқасты.