Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. Есіловтің басшылығымен елорда мәслихатының депутаттары қалалық тұрғын үй құрылысының бір қатар объектілеріне барып қайтты

Астана қаласы мәслихатының хатшысы С. Есіловтің   басшылығымен елорда мәслихатының депутаттары «Елордада тұрғын үй құрылысының жай-күйі мен оны дамыту болашақтары туралы» мәселесі бойынша кезекті сессияға дайындық шеңберінде қалалық тұрғын үй құрылысының бір қатар объектілеріне   барып қайтты.

 2012 жылдың 11 қыркүйегінде мәслихат депутаттары Сауран - №24 көшелері қиылысындағы көппәтерлі тұрғын үй кешеніне, Б. Момышұлы көшесіндегі «Алтын Раид» көппәтерлі тұрғын үй кешеніне, А. Иманов көшесіндегі «Гранитный» тұрғын үй кешеніне және  Баталы к-сі, 26/2 орналасқан «Европейский» тұрғын үй кешеніне   барып қайтты.

Аталған объектілерінің құрылыс жұмыстарын «Алтын XXI» ЖШС, «Тамыз Инвест Групп» АҚ,  «Капитал Строй» ЖШС және «Жана курылыс» ЖШС жүзеге асыруда.

Қалалық   құрылыс басқармасының,   Астана қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау   департаментінің  және «Жана курылыс» ЖШС-нің өкілдері мәслихат депутаттарын құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысымен таныстырды.