Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясына дайындалу шеңберінде дөңгелек үстел өтті, оның барысында тұрғын үй құрылысының проблемалары мен оларды шешу жолдары талқыланды

2012 жылдың 14 қыркүйегінде бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатында кезекті сессияға дайындық шеңберінде елордадағы тұрғын үй проблемалары талқыланды.

Дөңгелек үстел форматында өткен пікірталас барысында мәслихаттың депутаттары, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің, Қазақстан Құрылыс салушылар қауымдастығының, Тұрғын үй жинақ банкі орталық филиалының, елорда ПИК қауымдастығының өкілдері, қалалық атқарушы органдарының және ірі құрылыс кампанияларының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Астана қаласындағы тұрғын үй құрылысын алдағы уақытта дамытуға қаладағы құрылыс нарығын дамыту бойынша билік органдары өкілдерінің жоспарларын, құрылыс салушылармен өзара қарым-қатынасқа   қатысты мәселелер мен міндеттерді талқылады.

Қойылған мәселелерді талқылау кезінде Астана қаласында пайдалануға тапсырылатын  тұрғын үй құрылысы объектілерінің сапасы мен қызмет көрсету проблемасы өте өзекті болып тұр және шұғыл шараларды қабылдауды талап етеді деген пікірге келді. Көрсетілген проблемаларды шешуде оң нәтижелерге қол жеткізу мақсатында, мәслихат депутаттары өз құзыреті шегінде қажетті және нақты қолдау мен жәрдем көрсетуге дайын. 

Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары С.Хорошун қатысты.