Астана қаласы мәслихатының төртінші шақырылым елу бірінші сессиясы өтті.

2010 жылдың 22 қыркүйегінде Астана қаласының төртінші шақырылым елу бірінші сессиясы өтті.

«Астана қаласында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мұқтаж  азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің жай-күйі мен шаралары туралы» баяндамасымен Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошун сөз алды. Баяндамашы Астана қаласында тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу бойынша атқарушы органдармен шешуші әрекеттер қабылданып жатқандығын атап өтіп, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша істелінген жұмыстар туралы депутаттарды егжей-тегжейлі таныстырды. 2005 жылдан бастап қалада жыл сайын 1,0 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. 2009 жылы бұл көрсеткіш 1 млн. 259 мың шаршы метрді, ал ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру 928,0 мың шаршы метрді құрады.  Астана қаласында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы жалпы алаңы 97,0 мың шаршы метр 2293 пәтер пайдалануға берілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін алаңы 152,0 мың шаршы метр болатын 3381 пәтерді пайдалануға беру болжанып отыр. Әзірленген жобаларға сәйкес, Н.Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай, Көктал-2 тұрғын үй алабынан оңтүстік-шығысқа қарай және Саршайық көшесінен оңтүстікке қарай жалпы алаңы 454,3 мың шаршы метр болатын 9004 пәтер, оның ішінде 8487- бюджеттік сала қызметкерлері үшін және жалға беру тұрғын үйлері бойынша 517 пәтер болатын көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұдан әрі баяндамада Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйді сату қағидасына сәйкес, тұрғын үй комиссиясымен 28090 өтініш қаралды, оның ішінде 5000 өтініш жас отбасылардан,  9500 өтініш  мемлекеттік қызметшілерден және мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар қызметкерлерінен түскен 10500 өтініш қаралды. Бөлінген квотаға сәйкес барынша көп ұпай жинаған 5612 азамат іріктеліп алынды. Аталған пәтерлерді сатудан қала бюджетіне 15,0 млрд. астам теңге түсуі болжанып отыр. Займдарды беру жөніндегі оператор - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ болып табылады.  Үміткерлердің алдын-ала тізімі және комиссияның оң шешімін алған азаматтардың қорытынды тізімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды және қала әкімінің сайтында орналастырылды.  

С.М. Хорошун депутаттарға құрылыс секторын және үлестік құрылысқа қатысушыларды қолдау бойынша шараларды іске асыру шеңберінде құрылыс салушы компанияларға жалға алу тұрғын үйлерін сатып алуға және проблемалы объектілерді қайтара қаржыландыруға бөлінген мемлекеттік қаражатты тиімді және мақсатты пайдалануды көздейтін нақты механизмдер белгіленгенін хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкіметпен қабылданған тұрғын үй нарығында жағдаятты тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы шараларға сай қала әкімдігі 2008 жылдан бастап республикалық бюджет трансферттері есебінен капиталданған «АҚҚБ «Жаңа құрылыс» ЖШС уәкілетті ұйымын тарту арқылы үлескерлердің қатысуымен проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау бойынша іс-шараларды іске асыруда. Баяндамашы республикалық бюджеттен 35,4 млрд. теңге сомасында бөлінген қаражат 18 проблемалы объектінің құрылысына және 7 мың үлескерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мәселелерді шешу үшін жаңа кешеннің құрылысына пайдаланылғанын атап өтті. Сонымен қатар, бөлінген қаржыландыру шеңберінде 34 объекті мансард құрылысының 400-ге тарта үлескерлерінің мәселелері шешілді. Бір жарым жылда «АҚҚБ «Жаңа құрылыс» ЖШС алаңы 477 мың шаршы метрді құрайтын 17 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. 4732 үлескерге атаулы мемлекеттік көмек көрсетілді. Құрылыс барысында пайдаланылатын материалдарға нарықтық бағаны пайдалану, қымбат тұратын құрылыс материалдарын барынша арзан тұратын материалдарға ауыстыру, құрылыста қолданыстағы коэффициенттерді оңтайлы пайдалану есебінен 6,1 млрд. теңге сомасына бюджеттік қаражаты үнемделді. Қазіргі таңда сатып алу жүргізілген 27 тұрғын үй кешенінің 3 мың үлескерінің мәселесі шешімін тапты, сондай-ақ 2512 пәтерге коммуналдық меншікті  толықтыру қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін 2291 үлескердің қатысуымен 17 объектінің құрылысы аяқталатын болады. 

Баяндаманы талқылауға мынадай депутаттар қатысты: В.Н. Редкокашин, Ж.Е. Нұркенов, М.А. Оралов, С.Н. Богатырев, «За достойное жилье» қоғамдық компаниясының басшысы З.Қ. Батталова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының өкілі В.А. Колесников. 

Қалалық мәслихаттың сессиясы қалалық атқарушы органдарына Өңірлік бағдарламада көзделген іс-шараларды уақытылы орындау мәселелерін шешу бойынша тиісті ұсыныстар берілетін шешім қабылдады. 

Сессияда «Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралды; қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі тыңдалды; Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілді. Сессияда Астана қаласының кезекті сессиясына қарауға енгізілетін негізгі мәселелер бекітілді. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып 25-сайлау округінің депутаты Ермек Сабырбекұлы Оспанов сайланды.