Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының елордада экологиялық жағдайдың жай-күйін жақсарту және оны алдағы уақытта сауықтыру шаралары бойынша жұмысы туралы» көпшілік тыңдауының ұс

 

Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының елордада экологиялық жағдайдың жай-күйін жақсарту және оны алдағы уақытта сауықтыру шаралары бойынша жұмысы туралы» көпшілік тыңдауының ұсыныстары

 

Астана қаласы 22 қараша 2013 жыл

 

 

Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауына қатысушылар ұсынылған материалдарды қарастырып, елордада экологиялық жағдайдың жай-күйін жақсарту және оны алдағы уақытта сауықтыру шараларын талқылап, табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру, инфрақұрылымды дамыту және адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында экологиялық жағдаяттың тұрақтылығын атап өтті.

2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы аясында экологиялық жүйені сақтау және қалпына келтіру, «Жасыл белдеуді» дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар іске асырылуда.

«Казгидромет» ЕМК әуе бассейні мен су ресурстарының үстіңгі көздерінің жай-күйіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады. 2013 жылдың 9 айында ИЗА5 параметрі (атмосфераны ластау индексі) – 3,13 құрады, суды ластау индексі – 2,25 құрады, бұл тұрақты болып табылады және экологиялық қолайлы болып сипатталады.

         Сарыбұлақ өзенінде және «Нұра-Есіл» арнасында су ресурстарының үстіңгі көздерін ластаудан қорғауды қамтамасыз ету үшін 173 суды қорғау белгілерін орнатумен жұмыстар жүргізілген. «Жас-Нұр» МКК өсімдік және жануар әлемін қорғау, рекреациялық аумақтарды абаттандыру бойынша іс-шараларды орындады.

Қала аумағында өсіп келе жатқан жасыл көшеттер бойынша бірыңғай деректер қорын жасау, ғылыми орманпатологиялық зерттеу жүргізу, бүлінген учаскелерді айқындау, жасыл көшеттерді қорғау бойынша агротехникалық және агрохимиялық іс-шараларды өткізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қала тұрғындарының демалысы үшін абаттандырылған аумақтарды жасау мақсатында, 2013 жылы 12 сквер салынды, 17 сквердің және екі парктің, оның ішінде «Арай» бағына жақын жатқан жасыл аумақтың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.

«Астана - Зеленстрой» АҚ қаланың жасыл қорын жасау және ағымдық күтіп-ұстау бойынша жұмыстардың көп бөлігін «Астана-Зеленстрой» АҚ жүргізеді. Кәсіпорын питомнигінде ағаш-бұта тұқымдас 580 мың жас көшет өсіріледі.

Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, қала аумағының санитарлық тазалықты қатты және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен және тасымалдаумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады. Күнделікті 100-ден астам мамандандырылған техника орташа алғанда 700 тонна қатты тұрмыстық қалдықты қоқысты өңдеу кешеніне шығарады.

Астана қаласының энергияны үнемдеудің 2013-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындауда 2013 жылдың тамызынан халықтан сынаптан тұратын энергияны үнемдейтін шамдар мен құралдарды жинау және кәдеге жарату бойынша пилоттық жоба жергілікті бюджет есебінен іске асырылады. Жобаны іске асырудың басынан қалада 100 мамандандырылған контейнер орнатылды, 400 мыңнан астам шам жиналды және кәдеге жаратылды.

Есептік кезеңде табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 550 жұмыс жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптау өткізілді. Жеке және заңды тұлғалардан қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты ресімдеу үшін 394 өтініш қарастырылды.

Астана қаласы бойынша Экология департаменті елордадағы экологиялық жағдаятты жақсарту бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіледі. Өткен кезеңде экологиялық заңнаманы сақтау бойынша 214 тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша 124 бұзушылық айқындалды. 18,6 млн. теңге сомасына 165 әкімшілік айыппұл салынды, қоршаған ортаға келтірілген шығынды өтеуге 28,7 млн. теңге сомасына 26 талап қойылды. «Астана - Энергия» АҚ-ға күл жинақтаушы № 1 секциясын рекультивациялау бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі экологиялық заңнама нормалары мен талаптарын бұзғаны үшін жалпы сомасы 4 млн. 363 мың теңгеге қойылған айыппұлдар мен талаптар толық көлемде өндіріліп алынды.

Жер қойнауын пайдалану және қала аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды (КПҚ) өздері өңдеу және өндірудің алдын-алу мәселелерін реттеу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия құрылды. Әзірленген және бекітілген 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, қаланың әкімшілік шекараларында КПҚ заңсыз өндіру фактілерін айқындау және олардың жолын кесу бойынша рейдтік тексерістер тұрақты негізде және кінәлі тұлғаларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарта отырып жүзеге асырылады.

 

Оң нәтижелерді атап өтіп, көпшілік тыңдауға қатысушылар қаланың экологиялық қолайлы жағдайына ықпал ететін проблемаларға назар аударды.

Атмосфера ауасын негізгі ластайтын көздер жылу электр станциялары, автокөлік және жер үйлердегі жеке жылыту көздері болып табылады. Жыл сайын қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі өскені байқалады. Өндіріс және тұтыну қалдықтарының көлемі өсті және 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 229,4 мың тонна құрады, ал 2012 жылы 194,7 мың тонна құраған болатын.

Санкцияланбаған ағынды, жауын-шашын суын қаланың су артериясына ағызу фактілері орын алады.

Жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға берудің, қоғамдық тамақтандырудың ірі объектілері санының, әлеуметтік объектілердің (ауруханалар, емханалар, мектептер, балабақшалар) мен халыққа қызмет көрсету объектілерінің (автожуу орындары, монша, сауна, спорт кешендері) техникалық, сондай-ақ ауыз суды тұтынудың өсуіне байланысты Талдыкөл су жинақтағышына ағынды суды құю көлемінің артуына әкеп соқты, оны реконструкциялау он жылға созылып отыр.

Қала жолдарында автокөліктің көп болуы, қала көшелерінде қарбалас уақытта көлік кептелісінің тұрақты орын алуы, автокөліктердің парковкасына арналған орындардың жетіспеушілігі атмосфера ауасына зиянды ластайтын заттардың шығарындысының артуына әкеп соғады.

Қала атмосферасын құрылыс көлемінің артуына, жер жұмыстарына, сондай-ақ көшелер мен жолдардың абаттандырылмауына байланысты шаң-тозаңмен ластау орын алады.

Көкейтесті мәселелердің бірі санкцияланбаған қоқыстардың қалыптасуы болып қалып отыр. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинақтауды енгізу мәселесі баяу қарқынмен шешілуде.

 

Елордада экологиялық жағдаятты жақсарту және оны алдағы уақытта сауықтыру бойынша шараларды қабылдау үшін көпшілік тыңдаудың қатысушылары ұсыныс береді:

 

  1. 1.                Астана қаласы бойынша Экология департаменті, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттарымен, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен, аудандардың ІІБ табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерімен, қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен және пәтерлердің меншік иелерінің аудандық қауымдастықтарымен бірлесіп:

-         қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу саласында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес мемлекеттік саясаттың іс-шараларын іске асыру бойынша жұмысты жандандыру;

-         қоршаған ортаға және адамның денсаулығына жағымсыз ықпал ететін көздер болып табылатын кәсіпорындарға, олардың экологиялық нормаларды сақтау бойынша талаптарды күшейту, заңнаманы бұзушыларға Қазақстан Республикасының экология саласындағы қолданыстағы заңнама актілеріне сәйкес әкімшілік ықпал етудің ең қатаң шараларын қолдану;

-         Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларының сақталуына бақылауды күшейту, құрылыс алаңдарына жақын орналасқан қала аумақтарының санитарлық жай-күйіне ерекше назар аудару;

-         Қаланың жасыл көшеттерін күтіп-ұстау және қорғаудың қолданыстағы зағидасы шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес санитарлық-қорғау аумағында тұрақты бақылау жасау, құқық бұзушылықтарды уақытылы айқындау, алдын-алу. Жаңа құрылыс объектілерінің аумақтарын көгалдандыру бойынша жұмыстардың сапасына ерекше назар аудару.

 

2.  Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы коммуналдық шаруашылық басқармасымен, «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттарымен және Қазақстан Республикасы Денсаулықты қорғау министрлігі Санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп:

-         үйлер мен өндіріс объектілері аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруды қамтамасыз ету, қала аумағында санкцияланбаған қоқысты болдырмау, қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинақтауды енгізу бойынша мәселені шешуді жылдамдату бойынша шараларды қабылдау;

-         контейнерлік алаңдар мен оған жақын аумақтың санитарлық жай-күйін күнделікті бақылау, қоқыс контейнерлерін уақытылы дезинфекциялау, құқық бұзушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

 

3.  Қаланың экология департаменті, ішкі істер департаменті, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдері аппараттарына:

-         көлік кәсіпорындары мен тасымалдаушыларының қоршаған ортаны қорғау бойынша белгіленген нормалар мен қағидаларды сақтау бойынша қызметіне, табиғатты қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және қаржыландырылуына тұрақты бақылауды жүзеге асыру;

-         қала жолдарында автокөліктің шамадан тыс көп болуын төмендету мақсатында қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту, көлік ағындарын реттеу, қоғамдық жолаушылар көлігін дамыту, автобустарды экологиялық таза отынға ауыстыру бойынша іс-шараларды іске асыруды жалғастыру;

-         атмосфера ауасына зиянды ластайтын заттардың шығарындысын төмендету үшін көлік құралдарын уыттылығына тұрақты бақылау жүргізу, отында зиянды заттардың болуына сапасын бақылауға бағытталған іс-шараларды орындауға жәрдем көрсету, арнайы белгіленген орындарда автомашиналардың тұрағына ерекше назар аудару.

 

  1. 4.                Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, білім басқармасы, ішкі саясат басқармасы:

-         өскелең ұрпаққа экологиялық білім беру бойынша жұмыстарды жандандыру, қаланың білім беретін мекемелерінде балалар мен жеткіншектердің қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған ақпараттық сабақтарды өткізу, қоршаған ортаның ластану салдарын түсіндіру.

-         бұқаралық ақпарат құралдарында табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға насихаттау, су ресурстарын шығындауда оңтайлы келіс, қала аумақтарын ластауды жою және елордада экологиялық жағдаятты жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау бойынша басқа іс-шаралар бойынша материалдарды тұрақты жариялап тұруды қамтамасыз ету.

  1. 5.                Коммуналдық шаруашылық басқармасы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп:

-         ЭКСПО-2017 объектілері құрылысына байланысты көгалдандырудың артып келе жатқан көлемін ескере отырып, «Астана-Зеленстрой» АҚ-ның материалдық-техникалық базасын нығайту жәе қалалық аумақты жасыл көшеттермен қамтамасыз ету және питомникті алдағы уақытта дамыту бойынша іс-шаралар кешенінің бюджетін қосымша қаржыландыру мәселесін зерттеу ұсынылды.

 

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы С. Есілов