Астана қаласының еңбек нарығында болған оқиға жайлы

Елордалық мәслихатта «2017-2021 жылдары нәтижелі жұмасбастылықтың дамуы және көпшілік кәсіпкерлік бағдарламасының іске асуы жайында» тақырыбында «дөңгелек» үстел өтті. Оның қатысушылары қалалық құрылым, қоғамдық бірлестіктер, кіші және орта бизнес басшылары болды. «Дөңгелек» үстел отырысы Астана қаласының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпорын сұрақтары бойынша тұрақты комиссия басшысы Мирас Шекеновтің төрағалығымен өтті.

Кездесуде көпшіліктің жұмыспен қамтамасыз етілуі, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі, бос орын жәрмеңкесінің өткізілуі сияқты өзекті сұрақтар талқыланды. Халық жұмысбастылығы мен тұрғындардың әлеуметтік қорғау Басқармасы жетекшісі – Ермек Оспановтың мәліметтері бойынша, Астана қаласында 24,5 мыңнан аса жұмыссыздар тіркелген, өзіндік жұмысбасты адам мөлшері – 35 мың.

- Еңбек нарығындағы оқиға өзгеріссіз болып тұр. Елордада жұмыссыздық өзге республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда төмен деңгейде және 4, 6-ны құрайды, - деп Ермек Оспанов атап өтті.

Еңбек нарығына қажет квалификациясы бар мамандарды дайындауға көмектесетін шаралардың бірі қос тарапты оқыту болуы мүмкін. Астананың мәслихат депутаты Алмаз Ким осындай оймен бөлісті.

- Біздің ұйым («Бахус» ЖШС) базасында кассирлер мен тауартанушылар курстары құрылды, үйренушілер шәкіртақы алып тұрды.  Біз әлі жолдың басындамыз, уақыт өте келе біз құзырет жинап аламыз, бірақ бүгінгі күннің өзінде мастер-жетекшілердің даярлық деңгейі жайлы сұрақтар туып жатыр. Меніңше, тәжірибе мен дағдының көп бөлігін маман жұмыс орнында жинай алады. Германияда жетекшілер мамандарды дайындау жүйесін жасаған, мемлекеттік мекемесінде жұмыс істейтін мастер-жетекшінің мемлекеттік стандарттары енгізілген. 7 жылдан асқан тәжірибесі бар жұмысшы осындай дәрежеге көтеріледі және негізгі еңбекақысына қосымша 500 евро табыс көреді. Оларды мемлекеттің, салалық және зауыттық бірлестіктердің білім беру орталығымен бірге әрекет етіп, даярлайды. Осыған орай келесі іс-шаралардың өткізілуін ұсыныс жасағым келеді: екі тарапты оқытудың қыр-сырын терең ұғыну, Астана қаласында аталған жобаның жүзеге асуын қамтамасыз ететін жобалық топты құрау, - деді Алмаз Ким.

Елорданың әкімінің орынбасары Малика Бектурова Астана қаласында орта арнайы білім берудің кейбір тұстарын қайта қарастыру қажеттігі жайлы еске салды.

-Осы жылы біз мемлекеттік тапсырысты қайта қарап шықтық, колледждарда оқытылатын мамандықтарға талапшыл қарадық. Біз сайттарға қойылатын резюмелерді саралап шығып, жұмыс іздеушінің біліктілігі квалификацияланған жұмыскерді іздеген жұмыс беруші адамның сұраныстарымен сәйкес келмейтінін анықтадық. Соған қоса, колледждердің басым бөлігінде бірдей мамандықтарға оқытады. Политехникалық колледж, Байланыс колледжі мен Құрылыс колледжі. Негізінде олар политехникалық мамандықтарға оқытады. Оларды күрделендіріп, материалды-техникалық базаны күшейтіп, оны заманауи жасап және сапалы білім беруге болмас па еді? Біз бұл сұрақты көтердік. Осы жылы ПТШ үшін жаңа екі ғимарат тапсырылады, олардың бірін Политехникалық бағыттағы колледждерді бір шоғырландырып, жоғары деңгейдегі политехникалық  колледжге дейін үлкейту көзделіп отыр, сол арқылы білім беру сапасы да артпақ, - деп Малика Бектұрова ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, ол enbek.kz ресурсының өкілдеріне тіркелу мен резюме орналастыру ісін жеңілдетуге кеңес берді. Бүгінгі күнгі ережеге сәйкес жұмыс іздеушінің ЖСН номері және электронды цифрлық қолтаңбаның болуы жеткілікті.

Бұдан басқа, дөңгелек үстелде «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Президенті – Дәулет Аргандыков, «Астана қаласының білім беру басқармасы» ММ басшысының орынбасары – Дулат Жекебаев және «СМЭУ Астана» ЖШС кадрлар бөлімінің басшысы – Ирина Бойко сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелдің модераторы Мирас Шекенов отырысты қорытындылай келе аталған мәселелер 28 маусым күні өтетін Астана қаласының маслихат сессиясында қарастырылатын болатынын ескертті.

Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласының маслихат хатшысы – Жанат Нурпиисов, маслихат депутаттары, қала аудандары әкімдерінің орынбасарлары, қаланың басқармалары мен департаменттерінің басшылары, қоғамдық мекемелердің өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.