Астана қаласының мәслихатында жария тыңдаулар өтті

2012 жылдың 22 тамызында Астана қаласының мәслихатында «Атқарушы органдардың қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық күтіп-ұстауды жақсарту бойынша жұмысы туралы» тұрақты комиссиялардың жария тыңдауы өтті. Жария тыңдау жұмысына қалалық мәслихаттың депутаттары, басқарма және департаменттердің басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, пәтерлердің меншік иелері кооперативтерінің өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Жария тыңдау қатысушылары «Алматы» ауданының әкімі С.К.Ахметовтің, «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің орынбасарлары Б.Т. Ахметжанов пен Р.У. Тұрдыбековтің абаттандыру, санитарлық күтіп-ұстау және қала аумағын көгалдандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру туралы баяндамаларын тыңдады.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Қ.І. Бейсенбинов, «Астана зеленстрой» АҚ директоры Ж.Ж. Жұмағұлов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Б.И. Ахметов қосымша баяндама жасады.

Жария тыңдау өткізу барысында қалалық мәслихат депутаттарының, шақырылғандар мен жария тыңдауға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Жария тыңдауға қатысушылар қаланы абаттандыру және көгалдандыруды жақсарту бойынша мардымды жұмысын атап өтіп, атқарушы органдарға қалада санитарлық күтіп-ұстау, жасыл желекті  қорғау бойынша жұмысты жандандыруды, қоқыстың жайылып кетпеуіне жол бермеуде, санкицяланбаған қоқыс жерлерін болдырмау мақсатында контейнерлер орналасқан мен оған жапсарлас жатқан алаңдарға күнделікті тексеру жүргіліп, қоқыс контейнерлеріне тұрақты дезинфекциялау жүргізу, бақылау-инспекциялық қызметті жандандырып, қалада экономикалық жағдайды бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шаралары мен  экономикалық санкциялар қолдану нәтижелілігін арттыру ұсынылды.

Талқылау қорытындысы бойынша жария тыңдау қатысушылары ұсыныстарды қабылдады.