Астана қаласының мәслихатының депутаттары қаланың бірқатар маңызды объектілеріне барып-қайтты

Ағымдағы жылдың 17 және 19 қыркүйегінде қалалық мәслихаттың депутаттары орындалып жатқан жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында, жол құрылысы және абаттандыру объектілеріне барып-қайтты.

«Есіл өзені жағалауын қайта жөндеу» жобасын іске асыру барысымен танысып, депутаттар сол жағалауды абаттандыру бойынша жүргізілген жұмыстар көктемгі кезеңде жағалауды су басып қалудың ғана алдын алмайды, сонымен қатар, жағалауға эстетикалық келбет береді деп атап өтті. Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың 60 пайызы орындалды. Аралап қайту қорытындысы бойынша депутаттар мүмкіндігінше жағалауда қала тұрғындарына демалыс орындарын қарастыруды ұсынды.

Депутаттардың көлікті дамыту объектілеріне баруы қала әкімдігінің көлік жүйесін жаңарту, көлік жол айрықтарының және көпірлердің құрылысы бойынша үлкен көлемді жұмыстардың орындалғанын атап көрсетті. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Р.М.Аманжолов депутаттарды аяқталған және аяқталуға жақын объектілермен таныстырды. Бұл - Күйгенжар, Мичурино, Қазақауыл тұрғын алабындағы жолдар, Қонаев, Сығанақ, Бейсекова  көшелеріндегі жолдардың жекелеген учаскелері, сондай-ақ Жангелдин, Бейбітшілік, Ә.Молдағұлова, С.Сейфуллин көшелеріндегі жолдар, мұнда оларды қайта жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Депутаттар жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын атап өтті.

Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С. Есілов, басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.