Астана мәслихатында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй нысандарын жобалаудың сапасы талқыланды

31 шілде күні Жүнісов Сәрсембектің төрағалығымен өткен тұрақты комиссия отырысының астаналық мәслихатында құрылыс, экология, транспорт, сауда-саттық және тұрғын үй коммуналдық шаруашалық мәселелері сөз етілді. Аталған мәселелер бойынша "әлеуметтік нысандар, тұрғын үй нысандарының жобасы мен құрылысының сапасын арттыруды бақылаудағы жергілікті атқарушы органдардың атқарған қызметтері және тұрақты комиссияның үкімінің орындалу барысы жайында "Әлеуметтік нысандардың, тұрғын үй нысандарының құрылысы мен жобасының сапасын қамту саласында атқарушы органдардың атқарған жұмыстары" туралы төрт әкімшіліктің баяндамалары тыңдалды. 

Алғашқы баяндамашы - қалалық ортаның сапасын бақылау басқармасының жетекшісінің міндетін атқарушы Дәулет Досқұлов комиссия мүшелерін басқарманың атқарған жұмыстарымен және жеткен жетістіктерімен таныстырды. Қазіргі уақытта Меморандум жасалған, құжат Қазақстан құрылысшылар Ассоциациясы және техникалық сарапшылар Ассоциациясының мақұлдауына жіберілгенін атап өтті. "Аталған меморандумды іске қосу арқылы біз басқарма мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы алмасу тәмілі арқылы іске асып жатқан құрылыс-жөндеу жұмыстары жайлы тұрақты мониторинг және сапа сараптамаларын жасай аламыз",- деп сөзін жалғады спикер. Сонымен қатар, Досқұловтың айтуынша, заңсыз құрылыстардың тағдырын шешуде туындап жатқан қиындықтарға тоқталды. 2018 жылы енгізілген өзгерістерден кейін заңсыз құрылыстарды арызсыз тексеру мүмкін емес. 

Келесі сөзді құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының жетекшісінің міндетін атқарушы Алексей Миткин жалғады. Оның мәліметінше, құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы бөлінген бюджеттік жобалардың әкімшілері жобалардың жүзеге асырылуын техникалық бақылауды іске асыру үшін нарықта сәйкес аттестаты бар инспекторларды тартумен айналысуда. Мұндай әдіс соңғы 3 жылдан бері қолданып келеді.

 

Қалалық ортаны регенерациялау басқармасының жетекшісінің міндетін атқарушы Жасұлан Киматов депутаттарға салынған білім беру нысандары жайлы ақпараттарды ұсынды.

 

Жобалаудың сапасын арттыруға қажетті құралдарды көрсетті. 2018 жылғы "Сәулет, құрылыс жұмыстары жайлы" заңның екінші бір мәселесімен сәулет, қүрылыс және жер қатынастары басқармасының бастығының міндетін атқарушы Әміржан Кенжебаев бөлісті. Оның ойынша, жоба жұмыстарын толық іске асыруға дейінгі енгізуге болатын өзгерістерге салынған тыйым негізінде құрылыс нысандарының сапасы төмендеп, құрылыс инвесторлары мен салушылар тарапынан наразылық туғызып жатыр.

 

Спикерлер сөзін аяқтаған соң халық қалаулылары кейбір баяндамашылардың бір-бірінің сөзін қайталағандарына көңілдері толмағандарын жасырмады. Сонымен бірге, мектептер мен мектеп жанынан салынып жатқан нысандардың жобалауындағы кемшіліктерді де сөз етті. Әсіресе, Кірпіштідегі 12-ші орта мектептің жайы депутаттардың алаңдауын туғызды. Отырыс төрағасы халық қалаулыларының бұл жайлы сұрақтарына мәслихаттың келесі отырысына дейін жазбаша жауап беруді қалалық қызмет жетекшілеріне тапсырды.

 

Тұрақты комиссия отырысына мәмлихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, қалалық қызмет жетекшілері, астана аудандарынығ әкім орынбасарлары қатысты.