Астана – рухы мықты адамдардың қаласы!

 

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатарға қосылу құралдарының бірі спорт болып табылады.

«Қазақстан студенттерінің Альянсы» атты Республикалық студенттік қозғалыс мүгедек Жастар қоғамымен бірігіп, сонымен қатар Астана қаласының Қоғамдық даму жұмыстары басқармасының қолдауымен  депутат Мирас Шекеновтің аймағында спорттың 9 түрі бойынша мүмкіндігі шектеулі жастардың арасында спорттық ойындар өткізді.

 

 

Мемлекет пен қоғам үшін ортақ мақсат – мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қоғамдық көзқарасты өзгерту, қалалық ортаны бұл халық нысаны ыңғайына қарай ауыстыру, оларды белсенді әлеуметке қатыстыру және әлеуметтік оңалту жүйесін дамыту. Мүгедектердің әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз етумен қатар, мемлекет оларға отандас адамдармен бірдей деңгейге жетуіне керекті жағдай жасау қажет.