Астанада саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу іс-шарасы өтті

Ақмолада «Қайғы аркасы» монументі алаңында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу рәсімінде сөз сөйлеген Астана қаласының мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, жыл сайын, Қазақстанда 1997 жылдың 31 мамырынан бастап саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі, - деді. Бұл күні, Сталиндік қуғын-сүргін, ашаршылық және жер аудару жылдары жазықсыз қаза тапқан адамдарды еске алады.

Республикада 100 мың адам сотталған, олардың 25 мыңына ең жоғарғы жаза – ату жазасы қолданылды. Қарапайым халықтың мүддесін және егеменді мемлекеттің идеясын құруды қорғаған көрнекті зиялылар өкілдері және олардың отбасылары жаппай қуғын-сүргінге ұшырады.

Тарихшылар шамамен 2 млн қазақ халқының өкілдері 1931-1932 жылдардағы жаппай ашаршылық құрбандары болды, соншалықтысы ата-бабаларымыздың өз жерін тастап кетуге мәжбүр болды, - дейді.

Бүгін біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылықтың жазықсыз құрбандарының жарқын бейнесі алдында басымызды иеміз. Қазіргі және келесі ұрпақ үшін де өткеннің сабағын есте сақтау, төзімді және ұйымшыл болу маңызды.

Бұдан басқа, бүгін Астанада «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш» монументінде жаппай ашаршылық құрбандарын құрметпен еске алды.

Митинг қатысушылары бір минут үнсіздікпен және монументке гүлдер қоюмен саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм, ашаршылық құрбандарын құрметпен еске алды.

Іс-шараға мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, қалалық мәслихаттың депутаттары Зейнулла Шибкенов және Гайдар Қасенов қатысты.