Астаналық маслихатта күн тәртібі қанық кезекті сессия өтті

Астана қаласы тұрғындарына алғашқы медико-санитарлық және жедел медициналық жәрдем көрсету шаралары туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров баяндама жасады.
Медициналық мекемелерді автоматтандыру мен дәрігерлерді артық қағаз жұмыстарынан босату үшін елордамызда «Смарт медицина» жобасы енгізілуде. Ұшқыш жобасы  аясында Қалалық № 7,9 10 емханаларда жұмыс жүргізілуде. Емханаларға ақпараттық және техникалық жүйе жұмыстарын енгізу міндеті тұр. Нәтижесінде электрондық денсаулық паспорты берілетін денсаулық сақтау басқармасының ахуалдық орталығын жасау. Осылайша, ақпарат пациенттің соңынан жүретін болады.

– Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің күні өзіне тән емес жұмыстармен – есеп үлгілерін, журналдарды және медициналық кітаптарды толтырумен жүктеулі. Дәрігерлер пациенттерді асықпай тыңдап, толыққанды қарауға уақыт тапшы екендігін айтып шағымданады. Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде денсаулық сақтау электрондық даму тұжырымдамасы 2020 жылға дейін бекітілген. Біз министрлікпен бірлесе жұмыс жасау тиіспіз, себебі, бұл жұмыстардың нәтижесі денсаулық сақтау министрлігінің электрондық паспорты болмақ. Сондықтан, еліміздің бүкіл медициналық мекемелері электрондық форматқа өтуі қажет. Осы жылдың соңына дейін министрлік деңгейінде электрондық медицинаға өту мерзімі енгізілген,- деп атап өтті Камалжан Надыров.

Басқарма басшысының айтуы бойынша, бұл сұраққа өте абай болу қажет. Қазір дәрігерлерге пациент мәліметтерін қағаз жүзінде толтырып барып электрондық жүйеге енгізуге мәжбүр. Жұмысты екі қайтара жасамас үшін үш емхана базасында электрондық жүйе тестіленуде, ең сәтті дегені келешекте қолданысқа енетін болады.

 

 

Сессия барысында депутаттар денсаулық сақтаудың бастапқы айтылып кеткен мәселелеріне оралды. Маслихат депутаты Зейнулла Шибкенов Өндіріс тұрғын массивінде амбулатория құрылысы қажет екендігін бірнеше рет айтқан болатын. Жақында денсаулық сақтау нысандарын аралаудан кейін халық қалаулылары бұл мәселеге қайта оралды. Дансаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров  жеке меншік құрылысшылармен келісімшарт жасалуда екендігін жеткізді. Бүгін келесі жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс құрылыс жұмыстарына қажет жерді кесіп алу жұмыстары басталып кетті. Бұдан өзге, әкімдікпен бірлесе отырып тағы алты алғашқы медико-стационарлық нысанның құрылыс жұмыстары талқылануда. Отырыс барысында депутат Рамзия Өмірбаева мектеп медицина қызметкерлері жалақыларының қысқару себебін білгісі келді. Сонымен қатар, депутат өткен жылы медициналық кабинеттер білім беру басқармасынан денсаулық сақтау басқармасына берілгендігін  сөзге тиек етті.

 Медицина қызметкерлері бір жарым мөлшерлемемен,  яғни сағат 8-ден кешкі 19.30-ға дейін мектеп қабырғасында жұмыс жасайтын. Алайда, қазір бір ғана мөлшерлеменің сақталуына байланысты жұмыс уақытының ұзақтығы мектепке сәйкес келмейді.

Бұл мектептердің медициналық кабинетсіз және мамандарсыз қалатын болады, ал біз  дер кезінде медициналық жәрдем көрсете алмай қаламыз,- дейді Рамзия Өмірбаева.

 

Бұған денсаулық сақтау Басқармасының басшысы мектеп деңгейіндегі алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін медицина қызметкерлеріне екі жалақыға қосымша қаржы бөлінетін болатынын хабарлады.

Астана қаласы Ішкі Істер Департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан МАЛЫБАЕВ орындалған жұмыс бойынша есеп берді. Бөлімше бастығының сөзіне қарағанда қаладағы қоғамдық тыныштық полиция қызметкерлерінің толық бақылауында. Видеобақылау камераларының көмегімен астанада соңғы алты ай ішінде 18987 құқық бұзушылық анықталып,  118 қылмыс әшкереленген. Қала бойынша барлығы тәулік бойынша 795 видеокамералар жұмыс істейді.


Жұмыстың оң көрсеткіштеріне қарамастан депутаттар бұзақыларға және де Жол жүру ережелерін бұзатын азаматтарға қатаң шара қолдануды ұсынды. 11 сайлау учаскесінің депутаты Мирас ШЕКЕНОВ  азаматтарға  Жол жұру ережелерін сақтауды үйрету үшін Астана қаласы Ішкі Істер Департаменті Жергілікті полиция қызметкерлері жолдарда кішігірім «террор» ұйымдастыру керек деп санайды. Өйткені, біздің заңымыздың қатаңдығын міндетті түрде орындамағандықтан жаппай бұзушылыққа алып келіп отыр.

– Қалада көлік қоятын орынның уақытша жетіспеушілігіне байланысты қоғамдық транспорттарды арнайы белгіленген орындарға автомобильшілердің көлік қою мүмкіндіктерін қарастыру керек

 

Астана қаласы Ішкі Істер Департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан МАЛЫБАЕВ  Жол жүру ережелерін бұзатын бұзақыларға қатаң жаза қолдану ұсыныстарын Қаланың ІІД бөлімше бастығына айтылғанын атап өтті. Жолаушы көлігі басқармасының бастығымен BusLine жолында көлік қоюға қатысты ұсыныс талқыланғанын жеткізді. Сондай-ақ, олар қазіргі ережелерге өзгерістер енгізу туралы Министрлікке ұсыныс дайындау керек екенін атап өтті.

Өзінің баяндамасында Астана қаласы Ішкі Істер Департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бақытжан МАЛЫБАЕВ қалада керекті деңгейде тыныштықты қамтамасыз ету бойынша Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі шаралар қолданып жатқанын айтты.

Бақытжан Малыбаевтың айтуына қарағанда, жыл сайын қалалық көшелерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 1400 Ішкі Істер басқармасының қызметкерлері және 140 данадан астам автокөлік қатыстырылады. Тәулік бойы қоғамдық тәртіпті күзету үшін «Жартас» 11 тұрақты полиция посттары орнатылған. Түңгі экипаж азаматтардың жаппай жиналатын орындарға маршрут бойынша патруль жасайды.

- Апта сайын демалыс және мейрам күндері түңгі уақытта қалалық қылмысты азайту мақсатында  ауыр және өте ауыр қылмысты шаралар қолдану мен  ашу үшін қосымша сегіз «Барс» мобильдік жедел-іздестіру тобы іске қосылғанын Жергілікті полиция қызметінің бастығы атап өтті.

Астана қаласы Ішкі Істер Департаменті Жергілікті полиция деректеріне сүйенсек, кәмелет жасына толмаған балалармен жасалған қылмыстың 16,9 пайызға азайғанын көруге болады. 546 кәмелет жасына толмаған балалар әкімшілік жауапқа тартылған.

Баяндамашының сөзіне қарағанда әлеуметтік мәселе болып маскүнемдік, қаңғырушылық және қайыршылық болып табылады, осылардың арқасында қылмыста жасалынып жатады.

Полицейдің айтуы бойынша,  қоғамдық тәртіпті бұзушылар бойынша  азаматтардың ыңғайлылығы үшін Жергілікті полиция қызметінің аудан басшылығында  және аумақ инспекторларында (WhatsApp) мобильдік чаты ашылған, сонда азаматтардың жүгінуіне болады.  Жыл басынан бері 15 000 астам хабарлама келіп түсті.

Бұдан басқа сессияда «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру сұрағы қаралды. Үміткер ретінде келесі кандидатуралар ұсынылды: «Ардагерлер ұйымы» РҚҰ қалалық филиалының төрағасы, Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов, Қазақстан мен Франция арасында достықты нығайту бойынша үлкен үлес қосқан профессор және жазушы Жак Аттали, еңбек қайраткері және мемлекеттік қайраткер Жәнібек Карибжанов жән қоғам қайраткері Николай Мещеряков. Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беруге барлық көрсетілген тұлғалар біздің астанамыздың қалыптасуына және дамуына үлкен үлес қосқан.

Есілов Сансызбай  Сейтжанұлы еңбек жолын теміржол монтерынан Астана қаласы әкімнің бірінші орынбасарына дейін, Астана қалалық маслихатының хатшысы, Қазақстан Рсепубликасы Мәжілісінің депутатына дейін өскен. Оның еңбек жолы астананың даму тарихымен тығыз байланысты. Қазіргі таңда қаланың ардагерлер кеңесін және Астана қаласының Қоғамдық кеңесін басқарады.

Мещеряков Николай Ильич қалалық маслихаттың бесінші шақырылымында біздің қаламыздың өкілдік органдарының бастауында тұрған. Оның басқарып жатқан  «Цесна-Астык» Концерні  ұн,  макарон өнімін және жарманы өндіру бойынша Қазақстанның орасан зор компаниясы болып табылады.  Қазіргі таңда елордамыздың қоғамдық кеңесінің мүшесі болып табылады.

Карибжанов Жәнібек Сәлімұлы – Республикамыздың танымал мемлекеттік қайраткері, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бұрынғы орынбасары, үш облыстың әкімі, ҚР ауыл шаруашылығының министрі,  ҚР Қытай Халық Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің вице-спикері.

Жак Аттали  белгілі француз экономисті, жазушысы және саясат қайраткері, 67 кітап пен көптеген эсселердің авторы  және дарынды музыкант. Дипломды тау инженері, экономика ғылымдарының докторы -  Франция Президенті Франсуа Миттераның бұрынғы кеңесшісі, қайта құру және даму Еуропалық банкінің бірінші Президенті, Attali & Associates негізін салушы; 

Барлық үміткерлер маслихат депутаттарының бірауыздан қолдауын тапты.

Бұдан басқа сессияда мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынған жерлерді сатып алу немесе басқа жылжымайтын мүлік беру келісім-шарт жобалары қаралды, Астана қаласында үй көмегін ұсыну Ержелеріне өзгерістер енгізілді, мекеме әрекеттеріне жәрдемдесу бойынша қылмыстық жазалау мен қылмыстық-құқықтық әсер ету шаралары, сондай-ақ,  қылмыстық жазаларын өтеп жатқан тұлғаларға әлеуметтік және басқа да көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша Кеңес бекітіліп, басқа да шешімдер қабылданды.

 

Алдағы кезекті сессия жұмысының қарауына келесі сұрақтар көтерілді: «Атқарушы органдардың аймақтық инвестиция саясатын жүзеге асыру мен елордамызға инвестицияны тарту  стратегиясын қалыптастыру  жұмыстары жөнінде».

Кезекті маслихат сессиясының төрағасы болып 23 сайлау округінің депутаты болып бірауыздан Мұхтар   Есенжанұлы Төлеутаев сайланды. Сессияның депутаттарымен 14 сұрақ қаралды.

         Кезекті сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов, Павел Казанцев, Қанат Мусин, "Алматы", "Есіл" аудандарының әкімдері, Астана қалалық ІІД өкілдері мен  басқарма басшылары қатысты.