Астаналық мәслихатта полицейлердің шешілмеген мәселелері талқыланды.

Қалалық мәслихатта «Құқық қорғау органдарының құқық бұзушылықтың алдын-алу және қылмыспен күресу бойынша қызметінің тиімділігін арттыру» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмені өткізу қарсаңында мәслихаттың кезекті сессиясында астанадағы өзекті мәселенің бірі құқық тәртібін қамтамасыз ету, астананың құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірнеше рет көтерген шешілмеген мәселелері талқыланады.

Талқыланатын мәселелерді сессияға дайындау барысында депутаттар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері ішкі істер департаментінің бірқатар бөлімшелерін аралады, аралау қорытындысы бүгін дөңгелек үстел өткізілуде.

Қаланың ІІБ бастығының орынбасары Батырлан Есенбай баяндама жасады. Оның айтуынша, астананың ішкі істер департаментінде құқық тәртібін сақтау, азаматтар қауіпсіздігі мен қылмыспен күрес бойынша көпжылдық тәжірибе жинаған. Батырлан Есенбай өз баяндамасында жақсы көрсеткіштерді атады.

Жұмыстағы жақсы көрсеткіштерге қарамастан, қаланы бейнебақылаумен жабдықтау сияқты шешілмеген мәселелер айтылды. Еңбек күнінің сағат 12-ге дейін созылуына байланысты, қосымша жүктеулердің қосылғаны үшін еңбекақыны көтеру мәселесі туындады. Құқық тәртібін қорғаушылар құқық тәртібі қызметкерлерін техникалық қамтамасыз ету деңгейі төмн деп есептейді. Олар ІІБ қызметкерлерін бейнетіркегіштермен қамтамасыз ету және қызметтік бөлмелерді салу үшін бюджеттен қаражат бөлуін сұрайды.

ІІБ бастығының орынбасары баяндамасында аталған мәселелерді мәслихат депутаттары толығымен қолдады. Қалалық ІІБ бірқатар бөлімшелерін аралағаннан кейін, олар полицейлерге жұмыс және өмір сүру жағдайларын жақсарту қажет деп шешті. 2 сайлау округінің депутаты Зауре Жусупова учаскелік полицейлерді қоғамдық көліктердің жол жүру билеттерімен  қамтамасыз етіп қана қоймай, тегін шипажай-курорттық емдеу, тұрғын үй қорынан пәтер бөлу, коммуналдық қызмет пен жалға алуға жеңілдік жасау, және т.б. басқа да әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер берілу қажет екенін атап өтті. Одан басқа, Зауре Гинаятовна пәтер иелері кооперативтерінің құқықтық мәртебесін бекітіп, оларға қызмет көрсету аумағында құқық тәртібін сақтау жауапкершілігі жүктелсін. Ұсақ құқық бұзушылық пен бұзақыларды қоғамдық жұмыстарға тарту тәжірибесін қайта қолдану туралы мәселелер де көтерілді.

Депутат Мухтар Тулеутаев нашақорлықтың алдын-алу және онымен күрес мәселесін көтере отырып, қалада спорттық алаңдар мен жасөспірімдерге арналған балалар клубын көбірек құруды ұсынды. Оның айтуынша, есірткіге қарсы берік иммунитет қалыптастырып, нашақорлықтың алдын-алу үшін, әлеуметтік жарнаманың барлық түрін қолдану арқылы кеңейтілген түрде ақпарат берілу, мектептерде, колледж, ЖОО-да спорттық алаңдар, залдарды тегін қол жетімді қылу шараларын жүзеге асырылы қажет. Есірткіні жарнамалау және өткізуде интернет желісін кеңінен қолдануына байланысты «Кибердружина» жобасын құру шараларын Астана қаласының даму Бағдарламасына қосу қарастырылсын.

Депутаттар М.Е.Шекенов, Р.Ф.Умербаева, М.З.Шайдаров т.б. қатысқан сындарлы әрі іскерлік әңгіме болды.

Барлығын қызықтырған сұрақтарға дөңгелек үстелге қатысушылар қала әкімінің орынбасары Андрей Лукиннен, Астана қаласының ішкі істер басқарамасы бастығы Амантай Аубакировтан толық қамтылған жауап алды.

Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Г.Нурпиисов, Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И.Лукин, ішкі істер басқармасының бастығы А.А.Аубакиров, мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау құрылымдық бөлімшелерінің, пәтер иелері кооперативінің, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.