Астаналық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Кезектен тыс сессияның жұмысы барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы әкімі лауазымына кандидат Берік Оралұлы Жәкеновты таныстырды.

Берік Оралұлы, "А" корпусының мемлекеттік қызметшісі, әр жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін  бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі болып табылады. Еңбек жолын Көкшетау қаласының Салық полициясы органдарында бастаған, одан кейін қызметін Қарағанды облысының Салық комитетінде жалғастырды. Б.О. Жәкенов: Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі, кеңесшісі, Астана қаласы "Нұр Отан" ХДП хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Мамандандырылған басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарған. 2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін қала әкімі аппаратының басшысы.

Мәслихат депутаттары қала әкімі ұсынған кандидатураны қолдады. Берілген Сенімді ақтауға Берік Жәкенов жауап сөз сөйледі.

Бұдан әрі, күн тәртібіне сәйкес, астана атауының өзгеруіне байланысты халық қалаулылары "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру ережелері туралы" мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы ақпаратты тыңдады.

Күн тәртібінің үшінші мәселесіне сәйкес қала әкімі Алтай Көлгінов елорданың құрметті тұрғындары Жаңбыршы Есетұлы Нұркенов пен Надежда Михайловна Петуховаға "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы өтініш білдірді.

Жаңбыршы Нұркенов Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы кәсіподағының құрметті белгісінің иегері болып табылады. Оның еңбек жолы мектеп қабырғасынан кейін басталды, алдымен тракторшы, аға шопан, кейін комсомол-жастар бригадасының бригадирі болып жұмыс істеді. Целиноград ауыл шаруашылығы институтында жоғары білім алып, кейін комсомол, кеңес және партия органдарында қызметін бастады. 1999 жылдан бастап "Горводоканал" тресінің басқарушысы, 2000 жылдан бастап "Астана су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директоры болып тағайындалды. Оның басшылығымен Астананың сумен жабдықтау және кәріз жүйесін қайта құру, осы кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешу жүргізілді. Сондай-ақ Нұркенов бірнеше рет аудандық және облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. 2000 жылдан бастап Астана қаласы мәслихатының үш шақырылымының депутаты болып сайланды. "С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің құрметті профессоры" атағы бар.

Ел өміріне қосқан зор үлесі үшін халықтар достығы орденімен, "Ерен еңбегі үшін", "Ерен еңбегі үшін" "Астана", "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", мерейтойлық медальдарымен және т.б. марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаланың Құрметті азаматы атағына екінші кандидат Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі, Денсаулық сақтау ұйымының Әлеуметтік гигиена бойынша жоғары санатты дәрігері, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың вице - президенті Петухова Надежда Михайловна болып табылады.

Надежда Михайловна Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін Целиноград қаласының № 1 қалалық балалар ауруханасының учаскелік педиатрының міндетіне кірісті. Содан кейін дәрігер-инспектор, емдеу-алдын алу секторының бастығы, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің босандыру және балалар жөніндегі меңгерушісінің орынбасары және № 1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері лауазымдарын атқарды. Бірнеше рет Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды, 2012 жылы "Nur Otan" партиясынан 5-ші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің құрамына кірді. Надежда Михайловна "Құрмет" орденімен, Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен, "Алтын дәрігер" белгісімен және "Nur Otan" партиясының "белсенді қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Ұсынылған кандидатураларды мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Депутаттар З.Р. Шибкенов, М.Е. Төлеутаев, Р.Ф. Умербаева,       М.Е. Шекенов өз баяндамаларында Жанбыршы Есетұлы мен Надежда Михайловнаның Қала алдындағы еңбегін атап өтіп, осы жоғары атаққа лайықты, өз еңбегімен қаланың дамуы мен жас астананың қалыптасуына үлкен үлес қосқан адамдар таңдалғаны туралы өз пікірлерін білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі және жемісті еңбегі үшін "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы" атағы Жаңбыршы Есетұлы Нұркенов пен Надежда Михайловна Петуховаға берілді.