Астананың азық-түліктің қауіпсіздігі

Астана қаласының мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік  бойынша тұрақты комиссиясының күн тәртібінде Мирас Шекеновтың басшылық етуімен астананың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түліктік тауарларға бағаны тұрақтандыру шаралары туралы мәселе қарастырылды.

Ауыл шаруашылық басқармасының басшысының м.а. Гулмира Ермолдина бүгінгі таңда астанада шамамен 1 млн тұрғын бар екенін айтып кетті. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тағам өнімдерін Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және алыс-жақын шетелдерден жеткізу жолға қойылған. Астанада тауар өндірушілерге қаланың ішкі нарығына қол жетімділік беріледі, жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіліп, жер телімдері беріледі және өндірістік инфрақұрылым беріледі, өндіретін өнімдері өткізіледі. Мысалы, ағымдағы жылы шілде айында Алматы және Қызылорда облыстарынан қант және күріш жеткізу ұйымдастырылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту шеңберінде өңірлерге арналған «Мықты өңірлер – мықты Қазақстан» өңірлер күндері өткізіледі. Осы іс-шаралар барысында облыстардың қатысуымен 10 дәстүрлі ауыл шаруашылық көрмесі ұйымдастырылды. Жалпы алғанда 2016 жылғы сәуір айынан бастап 75 апталық жәрмеңке өткізілген, мұнда 1391 тонна өнім сатылса, оның ішінде, ет және ет өнімдері – 321 тонна, сүт өнімдері – 25 тонна, көкөністер – 943 тонна, қант – 30,5 тонна, басқа тауарлар – 43,5 тонна шамасында болды. Астанада 72 агроөнеркәсіптік кешен субъектісі бар, олар қала тұрғындарын тағам өнімдерімен қамтамасыз етеді. Оның ішінде, 9 ұн тарту кәсіпорны, 41 нан-тоқаш өнімдерін дайындау кәсіпорындары, 5 шұжық өнімдерін шығару және 1 сүт өнімдерін шығару кәсіпорындары, 8 көкөніс қоймасы, бір жылыжай кешені, 2 ауыл шаруашылық өндіруші бар. Баяндамашының сөзіне сәйкес делдалдық бөлімдер қатарын азайту мақсатында қалада 5 сауда-логистикалық орталық ашылған.

Маңызды мәселелердің бірі тағам өнімдері бағасының артуы болып табылады. Ведомство басшысының м.а. сөзіне сәйкес, бағаны тұрақтандыру үшін бірқатар облыстармен сауда-экономикалық қатынаста меморандум жасалып, азық-түлікті өндіруші бағасымен жеткізу қарастырылған.

Тұрақты комиссия мүшелері әлі де шешімін таппаған мәселелер бар екенін айтып кетті. Мысалы депутаттар азық-түлік бағасының артуының себептерінің бірі ретінде уақытылы қаржыландырмау, тағам өнімдерін өндіру, өңдеу және сақтау саласында инвестициялық жобаларды пайдалануға беру мерзімдерін сақтамау, сондай-ақ сапасыз өнім шығару туралы айтты. Тұрақтандырылған қорға келер болсақ, комиссия мүшелерінің сөзіне сәйкес қазіргі кезде ол жұмыс жасап тұрған жоқ. Тұрақты комиссияның қаулысымен аулы шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу ұсыныстары бойынша нұсқаулар, ет-сүт өнімдерін жеткізуді қадағалау, отандық кәсіпорындарды өнім сапасын арттыру бойынша қолдау мен ынталандыру, перспективті технологиялық шешімдерді дайындау және енгізу, заманауи технологияларды пайдаланып тағам өнімдерін ішкі сатуды дамыту туралы нұсқау берілген.

Тұрақты комиссия отырысына мәслихат хатшысы Ж.Г.Нурпиисов, қала басқармаларының басшылары, Кәсіпкерлер палаталарының өкілдері, кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.