Астананың экологиялық жағдайы мен көгалдандырылуы көпшілік тыңдауларында талқыланды

Елордалық мәслихатта "Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органның ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылау бойынша жұмысы туралы" мәселесі бойынша жоспарланған көпшілік тыңдаулар өтті.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың соңғы күндері тыңдауларға дайындық аясында қалалық мәслихат депутаттары "Астана Зеленстрой" АҚ және "Астана орманы" ЖШС қалалық кәсіпорындарға барды.

Депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдері алдында жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратпен қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының м.а. Әлия Қожабаева, активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Аягөз Амрина, "Аstana "ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы Рүстем Қуанышбаев, ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Жанболат Қайранбеков баяндама жасады.

Одан әрі,депутаттық корпус атынан Аман Аюпов сөз алды. Депутат өз сөзінде қаланың тұрақты дамуы экономикалық, әлеуметтік және ішкі саяси әлеуеттермен де, қалалық экожүйенің жағдайымен де анықталатынын атап өтті. Елорданың экологиялық жағдайын зерттеу мақсатында қалалық мәслихат бірқатар аналитикалық іс-шаралар өткізді, деп толықтырды спикер. Зерттеу нәтижелері бойынша мыналар анықталды: өндірістік сипаттағы стихиялық қоқыс үйінділерінің мәселесі шешілмейді, бұл рұқсат етілмеген қоқыс жиналатын жерлерді жинауға қосымша бюджет қаражатын бөлуге әкеледі, сондай-ақ елорданың әуе бассейніне жағымсыз әсер ету көздеріне жеткілікті шаралар қабылданбайды, Сарыбұлақ өзенінің ағынын сауықтыру үшін қаржыландыру қажет.

Аман Блялевич өз баяндамасында Астананың "Жасыл белдеуі" тақырыбын атап өтті. Жасанды орманның әсері қаланың климатына айқын әсер етті. "Қазгидрометтің" мәліметтері бойынша жазғы уақытта шаңды дауылдың құбылысы 3 есе азайды, борандар қыста 37-ден 22-ге дейін қысқарды, көктемде тұман күндері 35-тен 21-ге дейін азайды. "Жасыл белдеудің" арқасында ауа ылғалдылығы артты", - деп атап өтті депутат. Сонымен қатар Аюпов елорданың көгалдандыру және абаттандыру жүйесін сынға алды, онда жұмыс сапасының айтарлықтай нашарлауы, әсіресе жеке мердігерлік ұйымдардың міндеттерін орындау бөлігінде байқалады. Қала тұрғындары көгал алаңдарының, скверлердің және еліміздің бас қаласының парктерінің қазіргі жағдайы үлкен наразылықты тудырады. Одан кейін спикер астананы техникалық су құбыры жүйесімен қамтамасыз ету, қоқыс контейнерлік алаңшаларын және оларға іргелес аумақтарды санитарлық күтіп-ұстау бойынша бақылауды күшейту мүмкіндігін қарастыруды, кәріз құдықтарына қалдықтарды ассенизаторлық машиналармен төгу проблемасын шешу жолдарын іздестіруді ұсынды. Талдамалы материалдарды әзірлеу кезінде депутаттар қалалық нөсерлік кәріз желілерінің жетіспеушілігі сияқты тақырыпты да айналып өткен жоқ. Спикер атап өткендей, сауалнама жүргізу кезінде тұрғындар бірқатар ұсыныстар мен тілектер енгізгенін, мысалы, белгіленбеген жерде қоқыс үшін айыппұл салуды, оны сұрыптауды, көп контейнерлерді орнатуды, экологиялық стандарттарды енгізуді, биоотынды пайдалануды, сондай-ақ полиэтилен пакеттерін емес, көп реттік сөмкелерді пайдалануға халықты үгіттеуді ұсынды. Баяндама соңында Аман Аюпов ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауынан тезистерге оралды. "Мемлекет басшысы экологияны жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, табиғатқа ұқыпты қарау, Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын қабылдау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Бүгінгі күні қабылданған қоғамдық тыңдаулардың қаулысы мен оның орындалуы мемлекет басшысының Жолдауының жүзеге асырылуы болып табылады деп үміттенемін", - деді депутаттық корпустың өкілі А. Аюпов.

Бұдан әрі жария тыңдауларға қатысушыларға экологтар мен қарапайым адамдардың диалогы, қарым-қатынасы, жасыл желектерді цифрландыру және аймақтың экологиялық жағдайын бақылау саласындағы басқа да пайдалы іс-әрекеттер үшін қазіргі заманғы платформа болып табылатын "Жасыл қалқан" ("Зеленый щит") жеке коммерциялық емес мобильді қосымшасы таныстырылды. Ұсынылған бағдарламалық өнім депутаттарды қызықтырып, жалпы мақұлдауды тудырды. Сондай-ақ, халық қалаулылары "Астана орманы" ЖШС-не "Астананың жасыл белдеуі" жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты сапалы бағалай отырып, бүгінгі күні және ашылған сәттегі ұйымның ауқымын салыстыра отырып оң баға берді.

Қалғанында депутаттар "Астана зеленстрой" ЖШС-нің құлдырауы, соңғы жылдары дамудың болмауы, астананы көгалдандыру бойынша мемлекеттік тапсырысқа қатысу үлесінің азаюы жағдайына наразы болды. "Астана ӘКК" АҚ-ның жұмысына көңілдері толмайтынын және мәслихаттың жеке отырысында ӘКК жүргізіп отырған саясатының сапасын қарауды ұсынды. Қала өзендерінің арнасына қоқыстарды төгуді бақылау, елдің экологиялық заңнамасын өрескел бұзатын ұйымдардың жазасыздығы мен мизерлік айыппұл санкциялары бөлігінде экология Департаментінің ұстанымы түсінбеушілік туғызды. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері елорданың көгалдандыру және абаттандыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың қомақты үлесін алып отырған мердігерлерге жеке қызығушылық танытты, депутаттар жеңген қызмет көрсетушілердің біліктілігі мен кәсібилігіне күмән білдірді және "Астана Зеленстрой" ірі қала құраушы кәсіпорнының пайдасына көгалдандыру саласын монополиялаудың заңды мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Көпшілік тыңдауларды қорытындылай келе, депутаттар "Астана Зеленстрой", "СПК Астана" АҚ жұмысының тиімділігі туралы, қаржы басқармасынан қаланы көгалдандыруға бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы туралы жазбаша жауаптар сұрады. Бірқатар ұсыныстарда "Астана Орманы" жұмысын қолдау, әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып "Жасыл белдеу" ауданында кемпингтік аумақтарды ашу мәселесін зерделеу айтылды.