Астананың негізгі мәселелері

Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссия отырысында Жунусов Сарсембектің төрағалығымен қаланың 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасының негізінде құрылыс, энергетика және тұрмыстық – коммуналдық шаруашылық мәселелері қарастырылды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алиби Жумабаевтың айтуынша, жылу энергетикасының жүйесін дамытуға үш жылдық кезеңге 67 498,8 млн. теңге жоспарланған, бұл сома жергілікті және республикалық бюджеттен жинақталады. Қаражаттар ЖЭС – 3 құрылысы, ЖЭС – 1 және ЖЭС – 2 қайта құру сияқты қаланың жылу энергетика жүйесін дамытудың ірі жобалары құрылысын жалғастыруға жұмсалады, сонымен қатар қолданыстағы торапты желілерді жөндеу орындалуы керек.

Астана қаласының коммуналдық шаруашылығын басқару шығындарына бөлінген ақша қаражаттары - бұл қала паркі нысандарының құрылысын аяқтауға, жаңа зираттар және оған жарықтандыруы бар кірме жолдарының құрылысын жалғастыруға, сумен жабдықтау және су тарту жүйесін дамытуға, оның ішінде нөсер канализациясын дамытуға жұмсалатын жергілікті және республикалық бюджеттің жиынтығы. Шығынның тағы бір саласы Ильинка ауылының жеке тұрғын үйіне, Оңтүстік-Шығыс мөлтек ауданының тұрғын үйлеріне, Тлендиев даңғылының оңтүстігіндегі тұрғын кешеніне инженер желісінің құрылысын жалғастыру сияқты инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, жобалау болады.

Мемлекеттік архитектуралық – құрылыс бақылауы басқармасының шығындары жергілікті бюджет есебінен үш жылдық кезеңге жоспарланған.

Едәуір сома қаланың ауылшаруашылық басқармасында болады. Қаражаттар эпизоотикаға  қарсы шараларға, астық өнімділігін және өсімдік шаруашылығы сапасын жоғарлатуды қаражаттандыруға, көктемдік дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін қажет жанар-жағармай материалдарының бағасын арзандатуға жұмсалады. Онымен қоса, ауылшаруашылық дақылдарының зиянды ағзаларымен күресу бойынша шаралар өткізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстап алуды және жоюды ұйымдастыру да ақша қаражаттарын қажет етеді.

Депутаттарды, тұрақты комиссия мүшелерін 2017 жылға қарай қаланың ТКШ саласындағы шығындардың азаюы назар аудартты. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алиби Жумабаев негізінен барлық шығындар жеке жобалар бойынша жұмыстарды жалғастырумен байланысты деп түсіндірді. Жаңа бастамалар жоқ. Қаланың коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тулеген Закарьянов жаңа бастамалардың жоқтығына қарамастан, ескі жобалар жыл сайын қосылуды талап етеді, себебі қала үшін өмірді қамтамасыз етуші болып табылады деп толықтырды. Тек Талдыкөлдің өзінде өткен жылы ең көп үлесі  22 млрд. теңге  жұмсалды, жоба енді осы жылы аяқталады. Оның айтуынша, бүгін қала үшін аса ірі және өмірлік қажетті жобалар жаңа зираттарды және оған кірме жолдарды салу, нөсер канализациясы коллекторының құрылысы, құрғату-сорғы станциясын қайта құру болып табылады. Астаналықтар үшін тағы да бір мәселе масалар болды, оларды жою да үлкен қаражатты талап етеді.

Энергетика басқармасының басшысы Бактыбек Жапаев тұрақты комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып, ЖЭС – 1, ЖЭС – 2, ЖЭС – 3 автономдық қазандардың көмегімен жылытылатын үйлермен туындаған жағдайлардың шиеленісуін шеше алатынын айтты. Қаланың меншікті секторын орталықтандырылған жылытумен қатысты мәселеге келетін болсақ, комиссия төрағасы Сарсембек Жунусовтың айтуынша, ол басты жоспармен ескерілмеген. ЖЭС – 1,2,3 тек көп қабаты үйлерді ғана қамтамасыз етеді.

Жалпы, депутаттар белгілегендей, құрылыс, энергетика және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық саласында көп мәселелер мен наразылықтар үнемі болды да, бар да және болады да. Бастысы, қаланың өмірін қамтамасыз ететін барлық мәселелерді шешуге дайын тұру.

Тұрақты комиссия отырысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Г. Нурпиисов, маслихат сессиясының төрағасы Г.К. Касенов, Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қала басқармаларының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.