Атаулы орындықтар демалыс үшін де, сәндік үшін де

Елордалық маслихат Астана қаласында шыныдан жасалған атаулы орындықтар орнатты. Олар өте стильді көрінуімен қатар, қалалық әулет керемет үйлеседі. Астананың 20-жылдығына орай маслихат депутаттарымен сыйға тартылған бірегей орындықтар Астана қаласының бар аудандарын көріктендірді.

Ерекше атаулы орындықтар қала тұрғындары мен қонақтарының көңілдерінен шықты. Бұл қанық жаяу жүрістен кейін терең тыныстап, қала көрінісін қызықтап, Астананың өзіндік кереметтері:  үлкен қала өмірін толғай-толғай бақылау мен табиғатты тамашалау үшін керемет мүмкіндік. Оған қоса, атаулы орындықтар Астананың ерекше жанданған және халық көп шоғырланған жерлерінде орнатылған. «Сарыарқа» ауданында бұл көпшілік сүйетін Арбат болса, сол жақ жағалаудың «Есіл» ауданында – «Астана-Бәйтерек» монументі жанында. Ал «Алматы» ауданында атаулы орындықтарды «Ақбұлақ» кіші ауданының «Жалайыр» жайлы саябағында және «Байқоңыр» ауданында – «Жастар» сарайының алдында көруге болады.

Атап өтетін бір жайт - атаулы орындықтардың соны және эстетикалық талғамда көрінетіні. Олар дәл осы жылы 20-жылдығын атап өтетін ЖШС «АЛКАН+» фирмасымен жасап шығарылған.

Атаулы орындықтардың құндылығы – олардың бұзушылыққа төзімді болуында. Олар соққы жасаған кезде бөлшектенбейтін «триплекс» құрышпен қапталған шыныдан жасалған. Бұдан басқа, орындықтарға елордалық мәслихат сайтына және оның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеуі бар QR-кодтар қондырылған.

-       Өз қаласына бей-жай қарамайтын қала тұрғындарының игі дәстүрлерінің бірі атаулы орындықтарды сыйға тарту болып отыр. Бүгінгі күні елорданы қала тұрғындарының сүйікті қаласына сыйлаған он шақты сан түрлі пішінді орындықтары көріктендіреді. Маслихат депутаттары да бұл бастамадан шетте қалмай, елорданың 20-жылдығына орай атаулы орындықтарды орнату эстафетасын жалғастыруда. Күннен күнге қала жедел қарқынмен дамып, оның инфрақұрылымы жақсарып, сырт көрінісі өзгеріп келеді. Махаббатпен және тынығу үшін сыйға берілген орындақтар қала тұрғындары мен қонақтарын қуанта берсе екен деймін. Қаламыздың әрбір тұрғыны да осы креативті жобаға ат салыса алады, - деп Астананың маслихат хатшысы Жаннат Нурпиисов ой бөлісті.