Автопарктер қарыздарын өтейді

Елорданың жеке меншік автопарктері жүргізушілердің жетіспеушілігіне шағымданады. Нәтижесінде, кейбір бағыттардағы жоспарлы қажеттіліктер 80%-ға әзер жетіп отыр. Қалалық автопарктерге төлеуді бастаған мемлекеттік көмекқаржы сараланған тарифті енгізгеннен кейін, қаржылай қиындықтарын шешу керек. Алайда алдыңғы шығындалған мекемелерді табыс көзіне шығару – оңай іс емес.

Мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар елорда автобус парктерінің сыртқы ахуалын тексерді. Олар жалғыз №1 қалалық коммуналдық авто паркте және жеке меншік операторына тиесілі – «№2 автобус паркі» АҚ-да болып қайтты.

Дифференциялды тарифті енгізгеннен кейін жеке меншік тасымалдаушылары кей бағыттарға қызмет көрсете алмағаны анықталды. Бұрын жалдама шарттында қызмет еткен жұмыскерлердің жаппай жұмыстан кетуі осыған себеп болған. Жалақымен қанағат болып жүре беру оларды жайғастырмай, автобустардың біраз уақыт жұмыссыз тұруы тура келді. Мұндай оқиға екінші автопаркте орын алды. Бүгін күніне бір жолда 79 сапар жасайтын 109 автобус бар. Бірақ бір ай ішінде, мемлекеттік көмекқаржы арқасында автопарк жетекшісі бағыттарды қажетсіну деңгейін 100%-ға дейін өсіруге үміттенеді. Осыдан кейін ғана автобус паркі әкімшілік алдындағы лизинг бойынша борыштық міндеттемелерін өтей алады. Ал әзірше бағыттардың бір бөлігі «№1 автобус паркі» АҚ мемлекеттік мекемесіне қызмет көрсетуге жіберілді.

- Бүгін қаладағы тасымалдаудың 60%-ын осы автопарк жасап отыр, сонымен қатар ол қала маңы тасымалдауының 100%-ы мен экспресс-бағыттардың 70%-ына қызмет көрсетеді. Мекемеде 1673 адам қызмет етеді, олардың адам қызмет етеді, олардың 824 жүргізушісі 12 сағаттық 3 аусымда жұмыс істейді, - деп «№1 автобус паркінің» АҚ басқарма төрағасы Пулатов Нурмахан айтып өтті. – Әлбетте, кадр бөлімінде жетіспеушілік әлі де бар, бірақ жеке меншік автопарктеріндегідей емес. Біздегі жүргізушілердің орташа жалақысы 30-50%-ға артты және 300 мың теңгеден жоғары сомманы құрайды.

Коммуналды автопарк басшылығының айтуы бойынша, олар қызмет көрсететін бағыттар жол жүру интервалына кінә тақпайды. Бұрын автопарк орта есеппен 12 бағытқа, ал бүгінгі күні 48-29 қалалық, 16 қала маңдық және 3 экспресс-бағытқа қызмет көрсетеді.

Мекеме бойынша экскурсиядан кейін, депутаттар автобазаларды қарап шықты. Автобус паркі жетекшісі жұмыстың оң нәтижелерімен қатар, автобустарға техникалық қызмет көрсету жағынан қиындықтар да бер деп шындығын айтты. Мысалы, көліктердің техникалық тексерісі өтетін база 200 көлікке арналған, ал мұнда 300 көлік бар. Бұдан басқа, автожуу жетіспеушілік сұрағы да өзекті болып отыр. Бірақ Пулатов Нурмуханның айтуы бойынша, бүгінгі күнгі басты мәселе – жанармаймен толтыру.

- Бүгін жанармай үшін осы жылға 1млрд. 20 млн. теңге көлемінде қарыз бар. Жақында көмекқаржы ала салысымен, 300 млн теңгені жанармайға бердік, - деп, жетекші шындығын айтып отыр. – Күніне біздің мекеме 62 мың литр жанармай жұмсайды.

Мемлекеттік көмекқаржының тек жанармайға, жалақыға және қосымша шығындарға кететіні анықталып отыр. Бүгінгі күні мекеменің тек лизинг бойынша қарызы 7,9 млрд теңге құрап отыр. Міндеттемелерді өтеу үшін авторпарк ай сайын 506 млн. теңге төлеуге міндетті.

Сол арада депутаттар мекеменің енгізілген тариф есебімен табыс көзіне жете алатынына сенімді.

- Қазір билетсіздермен өткір мәселе болып отыр. Орташа толымдығы 50%-дан 70%-ға дейін құрайтын көліктер бар. Бұл көліктерде көмекшілерді алып тастаған, себебі олар алдыңғы есікке кіре бере алады, кептеліс тудырмай жүргізуші жанында тұра алады. Алайда орташа толымдық 70%-дан асатын көліктер де бар. Жүргізуші тасымалдаушылардың бәрін бақылап үлгермейді, - деп «Астана ЛРТ» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Есжанов Бейбіт толықтырып өтті.

Бірақ коммуналды мекеме өкілдері бұл қарыздардан жақын арада шығу қиынға соғады деп санайды. Пулатовтың айтуы бойынша, үлкен шығындар кредиторлардың алдында жасалды. Тек жыл басынан ғана кредиторлардың алдында қарыз 1,5 млрд. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, экономикамызға үлкен ауытқуды доллардың айнымалы курсы тудырып отыр.

- Теңгенің ауытқуына байланысты, жеткізушілердің түгелі дерлік мекеменің өтеу қабілетсіздігі үшін шартты үзді. Заманауи автобустардың бөлшектері бізге Еуропадан әкелінеді. Қазір мәселені шешу жолдарын іздеудеміз, - деп автопарк басқарма төрағасы айтып өтті.

Жалпы, «Астана ЛРТ» ЖШС алғашқы нәтижелермен мақтана алады. Олардың барлығы заңнамаға байланысты тексерістерден өтті және енді көмекқаржы алатын болады. Айта кетейік, екінші автопарк төлемнің ашық жүйесі арқасында айналымды 25%-ға арттыра алды. Жеке меншік операторлардың арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен әзірше №4 автопарк, мұнда айналым 30%-ға артқан. Егер көлік тексерісі қызметкерлерінің саны өссе, бұл көрсеткіштер әлдеқайда арта алады.

Мәжіліске қалалық мәслихат депутаттары, көлік басқармасы мен жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жетекшілері, қаланың көлік мекемелерінің өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.