Азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өтті

А.ж. 20 маусым күні «Нұр Отан» патриясының Астана қалалық бөлімшесінде қоғамдық қабылдау бөлмесінде №1 депутаттық сайлау округінің, Астана қаласының мәслихат хатшысы Ж.Г.Нурпиисовтің азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауы өтті.

Қабылдау барысында депутатқа 4 адам және әртүрлі сұрақпен жүгінді: жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жұмысқа орналасу, көлікжайларды бұзу және басқалары.

Жеке қабылдауға 1 топтағы мүгедек баласының қараушысы қаланың қоғамдық көліктерінде ұлын оңалту орталығына апарар жолда жеңілдікпен жол жүру мәселесін шешу өтінішімен келді.

Сонымен қатар, «Южный» көлікжай кооперативінің иелері, ішінара бұзу басталысымен кейбір аудандарда электр қуаты өшірілісімен, көлікжайларын бақылауды қойған, өз көлікжайларының бұзуын 10 жыл бойы күтіп отырған, ынталы топтың белсенділері жазылды. 

Қабылдауда Республика пр.29 үйінің тұрғыны төбе жабындысы мәселесін айтты.

Халық қалаулысы азаматтарды тыңдап шықты. Барлық сұрақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап берілді. 

Осыған қоса, сәйкес қаланың мемлекеттік мекемелеріне сұратулар жіберілді. Жанат Нурпиисов өз кезегінде өтініштерді қарастыру және орындау уақытын атап өтті. Жүгінген азаматтардың сұрақтары бақылауда.