Балаларға деген қамқорлықпен

Жыл сайын 01 маусымда бүкіл әлемде балаларды қорғау күні – ең ескі халықаралық мерекелердің бірі атап өтіледі. Балалар – бізде бар ең құнды сый, дәл сондықтан оларға қамқор болу, олардың өмірін жақсарту өте маңызды. Баланың күлкісі мен бақытқа толы көздері – мүмкін ең үлкен байлық шығар. Ал, Халықаралық балаларды қорғау күні – бізге көңілді және бақытты балалық шаққа әрбір бала лайықты екенін тағы да бір рет еске салады!

Біздің балалар мүмкін болғанша көбірек қамсыз, көңілді, қуанышты балалар болсын. Әрбір баланың дені сау болсын және ата-анасының қамқорына бөленсін, бірде бір бала оның құқығы мен еркіндігіне шек қоюдан азап шекпесін, әрбір баланың білім және медициналық көмек алуға мүмкіндігі болсын, бақытты болсын және үлкен проблемаларды білмесін, ал үлкендер, өз кезегінде балаларға олардың арманын жүзеге асыруға көмектессін және олардың балалық шағын шынымен де бақытты етсін!

Аспанымыз әрқашан бейбітшілікте, ал әрбір жаңа күн – қайырлы және қызықты болсын. Осы тамаша күні мәслихат депутаты Ирина Манжанова Астана қаласының №55 орта мектебінің оқушыларын мерекелерімен құттықтады, оларға сыйлық табыстады, балаларға зор денсаулық, бақытқа толы күлкі, қуаныш, оқуда табыстар, білімге ынта тіледі!