Балаларға ойын алаңы қажет

Сейфуллин көшесінің №10 үйдің тұрғындары осы жылы аулаларында жаңа ойын алаңы салынады деп сенді. Бірақ өкінішке орай«Сарыарқа» ауданын көріктендіру жоспарына жоғарыдағы мекенжайдағы аула кірмей қалған. Сол кезде тұрғындар ауланы көріктендіру мәселесімен қалалық маслихатқа жүгінді.

Тұрғындармен кездесуге маслихат хатшысы Жанат Нурпиисов және «Сарыарка» әкімінің орынбасары Ержан Жакубаев келді. Бұл жерде бір айта кетерлік жайыт, бес қабатты үйдің тұрғындарымен бұл бірінші кездесу емес. Осыдан жарты жыл бұрын осы үйдегі бір пәтер иесі шатырды жөндеу бойынша астаналық маслихатқа жүгінген болатын. Оның айтуы бойынша үй тұрғындары шатырды жөндеу жұмыстарына қатысудан бас тартып, нәтижесінде соңғы қабаттағы пәтер иелері зардап шеккен. Бұл жерден сосын басқада ілеспелі мәселелердің шеті шықты. ПИК және әкімшілік өкілдері біріге отырып шиеленіскен жағдайды шешіп, ескертулерді жоюға сөз берді. Артынан тұрғындарға «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасына қатысуға ұсыныс жасалды, бірақта тұрғындар одан бас тартып меншік иелері өз күштерімен жөндеу жасауға бел буғандығы белгілі болды. Бұл жолы тұрғындардың жүгінген негізгі себебі балардың ойын алаңы мен ауланы көріктендіру мәселесі болды. Үй тұрғыны Ахедьяр

Мирзакуловтың айтуы бойынша өткен жылы аудандық әкімшілікте Сейфуллина 10 көшесіндегі үй ауласын көріктендіру бойынша ағымдағы жылдың жоспарына енгізуге сөз берген. Өкінішке орай аудандық бюджет бұл жерде жөндеу жұмыстарын жасауға мүмкіндік бермеді. Бірақта, жиналысқа қатысушы аудан әкімінің орынбасары Ержан Жакубаев алдағы жылы жөндеу жұмыстары жасалатын аулалардың тізімін жасағанда міндетті түрде сол тізімге бұл ауланы бірінші қосатынын атап айтты.

Тұрғындарды тағы бір мәселе мазалады – яғни соңғы бірнеше жылдан бері олардың аулалары тұрғындар үшін қауіпті болған. Көптеген көліктер кептелісті айналып өту үшін осы ауладан жолды қиып өтетін болған. Осыған байланысты үй иелері аулаға шлагбаум орнатуды және тұрғындардың автокөліктеріне арнап шағын автотұрақ ұйымдастыруды өтінді.

- Сонымен қатар бірінші подъезде әрбір көктем және күз айларында көп көлемде су жиналады. Біздің үйдін қасынан биік үй салғанда деңгейді ескермеген. Соның салдарынан біздің үйдің деңгейі төменде болып барлық жауын, қар сулары бізге ағып жертөлені су басуда. Үй болса ақырындап дым тартып бұзылуда – деп үй иелері тобының мүшесі Ахедьяр қынжылды.

Маслихат хатшысы Жанат Нурпиисов аудан әкімінің орынбасарына тұрғындардың шағымдарын есепке алып, ауланы көріктендіру жұмысы кезінде жиналған суды арнайы су ағызу жүйесі арқылы ағызып жіберуді ойластыруды тапсырды. Ал шлагбаум орнату мәселесі бойынша, ол сұрақ бойынша Полиция департаментіне жүгініп арнайы рұқсат қағазын алу керектігін айтты. Бірақта шлагбаумды тұрғындар өздері орнатуы қажет. Сонымен қатар жаңа тәртіп бойынша кедергі қондырғылары электронды түрде көтеріліп түсіп тұруы қажет, немесе бұл қызметті аранайы жалдамалы кісі атқару керек. Әрине тұрғындар өз қаражаттарына шлагбаум орнатуды жоспарлаған жоқ еді, бірақта тым болмаса ауланы жылдамдық бәсеңдеткіш орнату арқылы қауіпсіздендіреді деп үміттенеді.