Бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының сегізінші, кезектен тыс сессиясы өтті

2012 жылдың 31 тамызында бесінші шақырылым Астана қаласы мәслихатының сегізінші, кезектен тыс сессиясы өтті.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Ж.Ғ. Нұрпейісов «Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы «Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндама жасады.

Мәслихат сессиясында, сондай-ақ, амбулаторлық емделудегі Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуге қатысты «Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралды.

Кадрлық өзгерістерге байланысты мәслихат сессиясымен Астана қаласының әкімдігі жанындағы кейбір ведомствоаралық комиссиялардың құрамдары бекітілді және өзгерістер енгізілді.

 Қалалық мәслихаттың сессия жұмысына Астана қаласының әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің орынбасарлары, қала басқармалары мен департаменттерінің басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.