Бейбіт уақытта да ерлікке орын бар

Бүгін біз өткен соғыстардың қаһармандары туралы көбірек айтамыз, батыл іс-әрекеттерді адамдар тек қаһарлы соғыс уақытында жасайды деп есептейміз. Бірақ жақында №1 автобус паркінің жиырма үш жасар жүргізушісі Әлібек Бақдәулеттің батырлық әрекеті бейбіт уақытта да ерліктің орны бар екенін және біздің арамызда жанқиярлық адамдар тұратынын көрсетті. 29 наурызда елордада адамдар зардап шеккен екі автобус жол-көлік оқиғасы орын алды. Бірақ Әлібектің шешуші әрекеттерінің арқасында 30-ға жуық адам құтқарылды.

Сапаров Ендібай Қаржауұлы бастаған бастамашыл топ мәслихат хатшысына жеке қабылдауда Әлібек Бақдәулетке батырлық әрекеті үшін "Халық Қаһарманы" атағын беру туралы мәселені қарауға қолдау көрсету туралы өтініш білдірді. Мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов Ендібай Сапаровты тыңдай келе, мәслихаттың қарауында осы мәселе бойынша азаматтардың өтініші бар екенін атап өтті.

Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қала мәслихаты әкімнің атына бастамашыл топ айтқан мәселені қарау және оны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияға одан әрі енгізу туралы өтініш жіберді.