Бюджетке қажетті жобалар

Қалалық бағдарламаларды қаржыландыру сұрақтары Шекенов Мирастың жетекшілігімен өткен елорда мәслихатының бюджет, өнеркәсіп және кәсіпкерлік сұрақтары бойынша тұрақты комиссия мәжілісінде талқыланды.

Астана қаласының стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Оразғұлов Расул негізгі баяндаманы оқыды.

- Астананың жергілікті бюджеті 1 трлн. 177 млрд. 652 млн. теңге көлемінде алдағы үш жылға жоспарланған. Болжамның түсім көлеміне сай 2019-2021 жылдардағы өзіндік табыстар 857,2 млрд. теңгені құрайтын болады, - деп атап өтті Оразғұлов Расул.

Әр түрлі қалалық мәселелерге бағытталған бюджеттік қаражаттың шығындалуы жайлы елорданың төрт ауданының әкімі хабарлады. “Алматы” ауданының әкімі Сарсембаев Әділбектің айтуы бойынша, мұнда 175 ауланың көлемді абаттандыруы болды, спорт аулаларының және балаларға арналған жаттығу құрылыстарының рекордтық саны бекітілді. Алайда, мәселелі тұстар да бар. Аудан үшін өзекті болып аулаларды асфальттау мәселесі қалды. Бұдан басқа, “Отан Қорғаушылар” монументі капиталды ремонтты қажет етеді.

- Біз ескерткіштің ауданымен бірге қайта құруына 100-150 миллион теңге қажет екенін болжап есептедік. Ескерткіштің қазіргіге қажетті болған жөндеу жұмыстары жасалды, бірақ енді капиталды жөндеу қажет. Гранитті Мәңгілік алаудың айналасына қою ұсынысы бар. Кез келген құрылыс материалы тозатынын сіздерде де білесіздер, - деп толықтырып өтті Сарсембаев Әділбек.

Астана қаласының мәслихат хатшысы Нұрпейісов Жанат, өз кезегінде, Жеңістің 75-жылдық мерейтойы қарсаңында “Отан Қорғаушылар” монументін жөндеу жұмыстарына кірісуді ұсынды.

- Жеңістің 75-жылдығын тойлағанға дейін дайын болуы үшін жөндеу жұмыстарын 2019 жылы, 9 Мамыр мерекесін тойлағаннан кейін бастармыз, - деді ол.

Басталған және болашақ жобаларымен Астана қаласы қалалық аймақтарының регенерациясының басқарма жетекшісі Ісқалиев Ғали бөлісті. Жақындағы үш жылда елордада 16 мектеп мен зағип балаларға арналған мамандандырылған балабақшалардың салынуы жоспарлануда. Оның ашылуы келесі жылдың қыркүйек айында болмақ.

- Балабақша 90 орынға есептелген. Ол “Сарыарқа” ауданында орналасатын болады. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа нысаны зағип және көздері нашар көретін балаларға арналатын болады. Сәбилердің онда күні бойы жүруге мүмкіндігі болады, - деп бекітті ол.

Аудан әкімдерінің айтуы бойынша, бюджеттік қаражаттардың көп бөлігі абаттандыру мен көгалдандыруға, санитарлық тазалауға, жол жөндеу

жұмыстарына және тағы да басқа қалалық қажеттіліктерге шығындалуда. “Байқоңыр” ауданының өзінде ғана жыл сайын нөсер канализациясын тиісті тәртіпте ұстау үшін 150 млн. теңге қажет екенін қала әкімі Каналимов Ерлан өз баяндамасында атап өтті.

- Бізде, негізі, жеке меншік секторы, 4 мыңнан аса жер үйлер бар. Осы жылы біз 35 километр нөсер канализацияларын тазарттық, бұл жұмысқа 75 млн. теңге бөлдік. У нас в основном, частный сектор, свыше 4 тысяч частных домов, - деді ол.

Бюджеттің жобасында алдағы үш жылға Есіл өзені арнасының және Ақбұлақ жылғасының реконструкциясы, үш өрт сөндіру депосын жобалауы және тағы да басқа елордаға қажетті нысандар жоспарланған.

Бюджеттік бағдарламаның әкімшілігі бюджеттің үш жылдық жобасында шығындардың негізгі баптары ескерді және бюджеттің ескерілуі кезінде сәйкес түзетулер белгіледі.

Тұрақты комиссия мәжілісіне мәслихат хатшысы Нұрпейісов Ж.Г., қаланың төрт ауданының әкімдері, қалалық басқарма жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.