Бюджетті болашаққа жоспарлау

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында алдағы үш жылда елорда бюджетінің жобасын талқылау басталды. Кездесудің алғашқы күні әлеуметтік блокқа қатысты мекеме басшылары тыңдалды. Астана қаласының Тілдерді дамыту департаменті алты сағат ішінде мыңдаған астаналықтарды оқытуды жоспарлап отыр. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын талқылау барысында қалалық мәслихат депутаттарымен мекеме басшысы осындай оптимистік жоспарлармен бөлісті.

Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы Тілеуғали Кышқашбаевтың айтуынша, мыңдаған қала тұрғындарын тілдік оқыту үшін қалалық бюджеттен 10 миллион теңге сұрау жоспарланып отыр. Депутаттар бұл ақшамен және қысқа мерзім ішінде шет тілін толық меңгере алатынына күмән келтірді. Қарапайым математикалық есеппен жылына адамға 10 мың теңге бөлінетіні туралы мәлім болды. Халық депутаттарының пікірінше, бұл бағдарламаны толығымен алып тастау немесе бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап ететін оқыту сағаттарының санын көбейту қажет деді. Алайда, мекеме басшысы осы мәселе бойынша мүлдем басқаша пікір білдірді

- Белгіленген стандарттарға сай, ағылшын тілін оқыту сағаты 1700 теңгені құрайды, біз бұдан жоғары баға белгілей алмаймыз. Оқытуды тендерлерден ұтып алған тілдік оқыту орталықтары оқытады, - деді Тілеуғали Кышқашбаев

Оның айтуынша, бюджеттік ұйымдардың мамандары курстарға жіберіледі және оқу барысында материалды толығымен меңгереді. Бұған жақында алынған сынақтар мен берілген сертификаттар дәлел бола алады.

Дегенмен, депутаттар басқарма басшылығына осы қаражаттарды басқа шығыс баптарына жұмсауды қарастыруды ұсынды.

Маңызды мәселелердің бірі, депутат Илья Мещеряковтың айтуынша, латын алфавитіне көшу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

- Бұл бағдарламаны іске асыру үшін қанша қаражат жұмсалады? - деп депутат баяндамашыдан сұрады.

Бұл сұраққа басшылық бағдарламаға ел Үкіметі қол қоймайынша, латын әліпбиіне ауысу жөнінде шаралар қабылдау жоспарға енгізілмейтінін жеткізді.

Бұл ретте депутат Мирас Шекенов осы жұмысты алдын ала бастауды және осы міндеттерді орындаудың қосымша жоспарын әзірлеуді ұсынды. Батыс аймақта, депутаттың айтуынша, жергілікті атқарушы органдар латын алфавитінде мемлекеттік белгілерді өзгертуге кіріскен.

Басқа да шығыстарға жүгінгенде, келесі жылы елордамыздың 20 жылдығына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына байланысты әлеуметтік маңызы бар мәдени іс-шараларды өткізу туралы белгілі болды.

Өз кезегінде Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бастығының орынбасары Нарима Мұхамбеталина бюджеттік бағдарламалар шеңберінде басым бағыттар бар екенін хабарлады. Келесі жылы «Жастар» театрының төбесін 83 млн. теңгеге жөндеуге өтінім берілді.

Депутаттар сондай-ақ, алдағы ауқымды іс-шараларға байланысты оларды өткізуіне неліктен қаражат үлкейтілмегені туралы сұрады.

- Жыл сайын елордада дәстүрлі іс-шаралар жоспарланып, өткізіліп жатқанына байланысты үш жыл ішінде әлеуметтік мәні бар іс-шараларды өткізуге арналған. Бір жыл ішінде, егер іс-шаралар тізімі қосылса, қосымша ақшаны сұраймыз, - деп мекеме өкілі түсіндірді.

Қатысушылар сондай-ақ, мәдениет орындарына тегін бару акциялары туралы сұрады. Анықталғандай, елордада ол қазірдің өзінде жүзеге асуда. 19 мамырда мұражай күнін мерекелеу күндері келушілерге тегін кіруге болады. М.Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театрының базасында «театр түні» өткізіледі және осы дәстүрді олар келесі жылы жалғастырғысы келеді.

Тұрақты комиссияның отырысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Г. Нұрпейісов, қалалық мәслихаттың басқа да тұрақты комиссияларының депутаттары, қалалық басқармалар басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.