Бюджеттік басымдылықтар

Қалалық мәслихатта 2018-2020 жылдарға өзгертілген бюджеттің жобасы бекітілген сессия болып өтті. Бюджет табыс көзінің 2 млрд. 659 млн. теңгеге өсуінің нәтижесінде шығындар бойынша жылдық жоспарлар қаражатты қайта бөлу жолымен қайта қарастырылды.

2018 жылдың 1 қарашасына жергілікті бюджетке өз табыстарынан алдынғы жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 8,6%-ға артық, яғни 206,2 млрд. теңге түсті. Соның ішінде салықтардан түскен 189,5 млрд. теңге, яғни 8%-ға артық көлемде, ал өз табыстарынан 263, 913 млн. теңге бар.

– Бұл байланыста өз табыстарының жылдық жоспарын 2,6 млрд. теңгеге арттыру ұсынылып отыр, соның ішінде салықтық емес түсілімдердің есебінен 2,3 млрд. теңге, негізгі капиталды сатудан түсілімдер 350 млн. теңге, - деп бекітті стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Оразғұлов Расул.

– Шығындардың негізгі бағыттары әлеуметтік орта - денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаныс, мәдениет және спорт болады. Оларға бөліп тарату арқылы 2 млрд. 823 млн. теңге бөлінбек.

Аббатандыру мен санитарияға қала ауданының әкімдіктеріне 1, 450 млн. теңге, құрылыс жұмыстарына - 1, 841 млн. теңге, көлік инфрақұрылымына - 3, 225 млн. теңге, соның ішінде жолдардың орта және қазіргі жөндеу жұмыстарына 1, 899 млн. теңге, білім беруге, яғни мұғалімдердің жалақысын төлеуге, оқушылардың тамақтануына қосымша шығындар және Балалар үйі ғимаратының жөндеу жұмыстарына - 1, 370 млн. теңге бағыттау жоспарлануда.

Қалалық ортаның регенерациясы басқармасына қосымша 50 млн. теңге қарастырылған, соның ішінде Асан Қайғы көшесінде орналасқан №8 орта мектептің реконструкциясының жобалауын бастауға және №28 мектебінің жалғасын салуды жалғастыру қаражаты кіреді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаныс Басқармасына қосымша 369,7 млн. теңге, соның ішінде санаторлы-курорттық емделуге, адам санының 220-ға өсуіне байланысты - 31,9 млн. теңге және жеке көмекшілерді әлеуметтік көмекпен қамтуға - 109,8 млн. теңге қарастырылған.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту Басқармасына қосымша 3 млрд. 225 млн. теңге, соның ішінде, көлік инфрақұрылымын дамытуға - 258,8 млн. теңге, 8 жолға, көпір құрылыстарына, автотұрақтарға орта және қазіргі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жол таңбасын жасауға - 1 млрд. 899 млн. теңге қарастырылған. Калалық көлік жолаушылар тасымалын қаражаттандыруға 520 млн. теңге, бағдаршам объектілерін жобалау мен қызмет көрсетуіне - 147 млн. теңге бағыттау жоспарлануда.

Астананың полиция Департаментіне осы жылға қала бюджетінен айыппұлдарды қайта жіберу қызметтеріне қосымша 40,6 млн. теңге қарастырылған.

– Бюджет бұрынғысынша ЖЖЕ бұзушыларға айыппұлдары жазылған конверттер тарату үшін айтарлықтай үлкен қаражат бөледі. Екі жылдан аса уақыт бұрын менеджерлердің қаражатына, смс, электронды поштаға сай баламалы әдістер ойластыру үшін, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнамаға енгізілетін өзгерістерға бастамашылық ету жөнінде ұсыныстар жасалды, - деп, еске салды депутат Шекенов Мирас.– Мында бір қарама-қайшылық туады: егер адам айыппұл жайлы жазбаша хабарлама алмайтын болса, оны төлемеуге ол толықтай құқылы. Біздің ұсыныстарымыз бойынша жұмыс қай сатыда өтіп жатыр? - деп бекіте сұрады ол.

Департамент басшысы Жүсіпбеков Сабыр атап өткендей, жылдың басынан 2 млрд. 577 млн. теңге соммасына 361 мың 486 құқықбұзушылық анықталды. Олардың 1 млрд. 195 млн. теңге соммасындағы ғана айыппұлдары өтелген.

– Заңнамаға сәйкес, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған адам тапсырыс хат немесе телеграммамен жіберілетін жазбаша түрдегі хабарлама алғаннан кейін ғана әкімшілік құқықбұзушылық туралы хабардар болып саналады. Қазір Қазақстан Республикасы ІІМ-мен бірлесе отырып, хабарлама алудың баламалы жолдары - смс арқылы жіберу өнделуде. Материалдарды құрастыру, көлік құралдарын есепке қою кезінде көлік иелері хабарлама жіберілетін телефондарын табыстайды. Заңнамаға енгізілетін өзгеріс жайлы айтар болсақ, бұл сұрақ қазір Қазақстан Республикасы ІІМ тарапынан өңделу үстінде, - деп пайымдады ол.

Сонымен қатар, ол 1 желтоқсан күнінен жаңа электронды нұсқадағы техтөлқұжаттарды енгізу арқасында көлік иелері айыппұл туралы мәліметті сол құжаттағы чип арқылы біле алатынын еске салды.

2018 жылғы бекітілген бюджетке енгізілген өзгерістерді есепке алғанда, бюджет 424 млрд. 433 млн. теңгені құрайды, бұл бекітілген бюджеттен 43 млрд. 518 млн. теңгеге немесе 11,3%-ға артық болып табылады.

Жалпы, мәслихат депутаттарымен Астана қаласының 2018-2020 жылдарындағы бюджетіне енгізілген өзгерістер мақұлданды.

Мәслихат сессиясында, сонымен қатар, Астана қаласының 2016-2020 жылдық даму Бағдарламасына өзгертулер енгізу туралы сұрақтары талқыланды, әлеуметтік көмек көрсету, өлшемдерді бекіту, мұқтаж азаматтардың жеке

категориялар бойынша тізімін, салық салу мақсатында аймақтандыру сызбасын анықтау Ережелері бекітілді, Астана қаласының автотұрақтары алып жатқан жерлерге негізгі салықтар да бекітілді, жер телімдерін немесе басқа бір жылжымалы мүлікті сатып алу жөнінде шарттардың жобалары келісілді, Астана қаласы әкімдігі қарауындағы кейбір мекемеаралық комиссия мүшелеріне өзгертулер енгізілді.

Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Аманшаев Е.А., қала аудандарының әкімдері, қалалық басқарма жетекшілері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және БАҚ қатысты.