Дебиторлық берешекті бюджетке қайтаруға уәде берді

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында әкімнің орынбасары Асқар Амринның қатысуымен депутаттар 2017 жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша есепті бекітті. Бұрында өткен жылдың бюджет қорытындысы комиссия мүшелерінде бюджет бағдарламасының әкімшісіне олардың дебиторлық берешегі жөнінде үлкен сұрақтар туындаған үш тұрақты комиссияда қарастырылған.

– Тексеру комиссиясының барлық ескертулері, сондай-ақ депутаттармен айтылған ұсыныстар мұнан бұлай бюджеттің атқарылу үдерісінің сапасын жақсарту және жоғарылату бойынша жұмыс үшін ескеріледі, - деп нақтылады мәслихаттың кезекен тыс сессиясы кезінде қаржы басқармасының басшысы Алиби Жумаев. – Сонымен бірге, басқармамен бюджеттің атқарылуы бойынша көрсеткішті жақсартуға шаралар қолданылады. Бюджет бағдарламасының әкімшісі алдында бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижесіне жетумен бюджеттік қаражатты толығымен игеру бойынша міндет қойылған. Бюджетті қарастыруға бірлесе қатысу оң нәтиже беретінін атап айтсақ, және мұнан былай әкім алдында Мемлекет басшысының қойған міндеттерін іске асыру үшін шаралар қолданылады.

Түсім бойынша бюджеттің жиынтық көрсеткіші 492 млрд. 246,2 млн. теңгені құрады, осылайша жоспар 4 млрд. теңгеге асыра орындалған. Бұдан басқа, салықтық әкімшілік етуді жақсарту қала бюджетіне түскен түсімнің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бюджеттің шығыны 494 млрд. 972 млн. теңгені құрады, немесе қала бюджеті 99,8%-ға орындалды. Игерілмеген қалдықтың бөлігі 0,2 % құрады. Бұл ретте, осы сомадан 330 млн. жақын теңге – ағымдағы жылы қолдануға рұқсат етілген инновациялық жобаны жалғастыру бойынша төленбеген бөлігі, - деді Алиби Жумаев. Бұдан басқа, жалпы сомадан игерілмеген 70 млн. теңге – бұл жергілікті атқарушы органның қоры.

Осылайша, пайдаланбаған қаражаттың жалпы сомасынан 33,8% автомобиль жолы басқармасы, 28,7% - энергетика басқармасы, 14% - құрылыс басқармасы, 9,6% - бұл «Алматы» ауданының аппарат әкіміне түсті.

Бұрында, тұрақты комиссия отырысы кезінде тапсырыс беруші қала басқармасы болған бес компаниянын есебінде бірнеше жыл бойы бюджеттік қаражат бар, - деп ашуланды депутат Еркеғали Есенжолов. Бұл ретте, негізгі берешек құрылыс басқармасында. Энергетика басқармасында соңғы үш жылдың ішінде қалыптасқан берешек – 13 млрд. теңге. Бұған қаржы басқармасының басшысы дебиторлық берешек кестесі әкіммен бірге бекітілген, - деді. Жылдың 1 тоқсан жағдайы бойынша кестеге сәйкес 350 млн. 376 мың теңге өтеу керек болатын. Алайда, өтеу 2 млрд. 876 млн. теңгені құрады. Соның ішінде ең үлкен өтеу – бұл дәл осы энергетика басқармасы бойынша.

Депутат Рамзия Умербаевада да білім басқармасына сұрақтар туындады. Өткен жылы бюджетті анықтау кезінде жапсарлас құрылыс енгізген мектептер толық мектептік жабдықтау алмағаны туралы мәселе көтерілгенін ескерді. Мердігерлер мұны материалдың қымбаттауы, - деп түсіндірді.

– Мектептер, жапсарлас құрылыстың үшеуінің бір қабатын жиһазбен қабылдады. Компьютерлерді бағдарламалық жасақтамасыз қойды, интерактивті

тақталар проекторсыз және компьютерсіз болды, яғни олар теориялық болды, бірақ жарты жыл жұмыс істеген жоқ. Оқу барысы жеткіліксіз деңгейде өтті, - деді депутат.

Тексеру комиссиясының өкілі, олармен тексеру ұйымдастырылғанын және фактілер дәлелденгенін растады. Бүгін жеткіліксіз жабдықтау толық көлемде қойылды және бұл мәселе бақылауға алынды деген ақпарат бар. Алдағы уақытта, комиссия жобаға сәйкес жабдықтаудың толық тізімі болған кезде ғана объектіні қабылдайды. Депутаттардың дебиторлық берешектің көрсеткішіне разы болмағанына қарамастан, олар алайда бюджетті игеруге қатысты жақсы жақтарын көрсетті. Сол уақытта, бюджет бойынша комиссия өкілі Мирас Шекенов қала бюджетін бірнеше рет дәлелдемеу үшін қалалық бағдарламаны орындау мен жоспарлауға сапалы жүгіну керек, - деді. Сондай-ақ, 2018 жылғы бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет бағдарламасының әкімшісіне талаптар мен ескертулер айтылды.

Өз кезегінде әкімнің орынбасары Асқар Амрин бюджеттің атқарылуы «ақсап тұр», - деп келісті. Мұның себебі – бағдарламаның әкімшісі бақылайтын кестеден артта қалу. Сонымен бірге, құрылыс басқармасына қатысты, көбінесе ауа-райы жағдайына байланысты болады, - деді ол.

– Игеру өзі үшін игеру болмауы керек – бұлардың бәрі жоба. Соттың талқылауына қатысты Астанада ықпал ететін топ өте көп. Құрылыс басқармасы үнемі сотта болатындықтан жұмысқа кірісе алмайды, - деді әкім орынбасары.

Ол, сондай-ақ бүгін астанада қоғамдық көлікте жол ақысы шектік тарифінің өсуі бойынша мәселе қарастырылуда, - деді.

Бұдан басқа, сессияда Астананың ІІД «Есіл» ауданы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығын лауазымынан босатуға келісімді, сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алуға байланысты жер тілімі немесе басқа да жылжымайтын мүлікті төлеп алу туралы шартқа келісім алуды қоса 18 мәселе қарастырылды.

Кезектен тыс комиссия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин, қала басқармалары және департаментінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.