Депутат Қайырлы Тәукен ардагерлермен кездесті

 

Жеңіс күні – барша халық мейрамы!

Біз үшін бостандық пен тыныштықты сақтаған,

Отанымызды ерлікпенен қорғаған,

Сабаздарға «Үлкен алғыс» айтамыз!

 

Жеңіс Күні қарсаңында Астана қаласының мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Тәукен Қайырлы Кеңесбекұлы атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне сыйлықтар тапсырылып, денсаулық пен отбасылық бақыт тілеген құттықтау сөздер жеткізілді.

 

 

ҰОС ардагерлері 90 жастан асқан. Олар өз балалары мен немерелерінің қамқорлығымен қоршалған. Олардың әрқайсысының батылдық пен ерліктері туралы туралы толық әңгіме жазуға болады. Бейбіт уақытта олар өз елінің дамуына үлес қосты.

Жолдыбаев Ғазис, 1924 жылы 16 мамырда туылған. Көптеген марапаттарға ие. Соғыстан кейін ол милицияда жұмыс істеп, Қазақстан Республикасы ІІМ полковнигі атағын алды.

Константинов Николай Петрович, 1923 жылы 1 шілдеде туылған. Ұлы Отан соғысының мүгедегі. 19 жастан майданда шайқасқан. «Батылдығы үшін», «Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуков», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейін Тамбов облысының тұрғыны тың жерлерді игеру үшін Қазақстанға көшіп келіп, осында тұрады. «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған.

Сергиенко Павел Лукич, 1926 жылы 24 шілдеде туылған. Қиыр Шығыстағы әскери қимылдарға қатысқан. Әскери марапаттарға ие. Бірінші тың игерушілер қатарында.

Брагин Яков Степанович, 1926 жылы 8 тамызда туылған. Өз еркімен 17 жасында майданға кеткен. Латвия, Литва, Эстония, Шығыс Пруссия, Польшаны азат етуге қатысқан. Әскери ерліктері үшін 1 және 2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы және Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталған. Соғыстан кейін ол тың игеру жерлерін көтерген. Социалистік Еңбек Ері.

 

Біз бәрі артта қалғанда туылдық,

Жеңісімізге көптеген болды онжылдық,

Бірақ өткеннің жақын екенін білеміз.

Құдай сізге, ардагерлер, ұзақ ғұмыр берсін!

Алғыс айтамыз соғыс туралы білмегенге,

Қорқынышты жылдар шуын естімегенге,

Өз өмірінің құрбанымен бізге өмір бердіңіз!

Құдай сізге, ардагерлер, ұзақ ғұмыр берсін!