Депутат Зәуре Жүсіпова ҰОС ардагерлерін құттықтады

Біздің Отанымыздың батыл қорғаушыларын дін аман әрі жақсы көңіл-күйде көру қуанышты. Әрине, бұл көз жасына толы мереке, бірақ біз оларға шынымен күлім сыйлағымыз келеді. Біз тек мерекелік сыйлықтармен ғана емес, әрқайсысының көңілінен шыққан әскери жетекші С.Т. Күлбаевтің шырқауындағы «Қара түн» әнімен көңілдерін көтере алдық.

Біздің округіміздің ардагері Михаил Петрович Кочетковтың баянда орындаған әндері тәнті етті, ол тек соғыс жылдарының әндерін ғана емес, сонымен қатар жалынды тақпақтар орындады.

Біз олардың майдан жолдастары Б. Момышұлы, Әлия Молдағұлова және басқалар туралы көптеген әңгімелер тындадық. Бәріміз бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы кітаптар беттерін аудардық.

Біз ардагерлердің балаларына, немерелеріне, шөберелеріне әрдайым қастарында болғанына, бізді тарихпен байланыстыруға мүмкіндік бергендеріне алғысымызды білдіреміз.

Уақыт бой бермей өтуде, бірақ біз Сіздердің ерліктеріңізді ешқашан үмытпаймыз, қымбатты біздің Отанымыздың қорғаушылары! Бейбіт аспанымыз үшін рахмет! Сіздердің жеңістеріңіз үшін! Сіздерге үлкен тағзым етеміз!