Депутаттар бюджетке бақылауды күшейтуді көздейді

Қалалық мәслихат депутаттары аудан әкімдігінен білім басқармасына мектепке дейінгі білімді бюджеттендіру міндеттерін беру туралы Бюджет кодексіне түзету енгізу ұсынысымен экономика министрлігіне жүгінуді көздейді. Бұл халық қалаулыларының ойынша, бюджет қаражаттын игеру үшін бақылауды күшейтуге рұқсат етеді. 2017 жылғы бюджеттің орындалуы талқыланған тұрақты комиссия отырысы кезінде әлеуметтік сипаттағы мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.

 

 

- Өткен жылы айтарлықтай үлкен қаражат мектепке дейінгі білім алуды қамтамасыз етуге бөлінді. Бірақ бағдарламаның әкімшілігі аудандық әкімдік болғанда оқиға қабаттасады және бұл бағдарламаны бюджеттендіру соған сәйкес олардың өкілеттігінде, - деп түсіндірді мәслихат депутаты Қарақат Әбден.

 

- Сол мезетте бақылау міндеттері электронды дерекқор сияқты білім басқармасында болады. Бюджеттің ақшасын игеруді салыстыру үшін бастапқы құжат жоқ болғандықтан, бұл жағдайда аудандық әкімдіктің актілерді қалай жабатыны белгісіз болып қалады. Менің ұсынысым, немесе қорды басқармаға беру, немесе бюджеттендіруді басқармаға беру, - деп тұжырымдады депутат.

 

Бұл пікірмен Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш та келісті. Оның айтуынша, бұл мәселе бұрын пісіп жетілген. Оның көзқарасына салсақ, онда ол қыр-сырын ескере отырып, мектепке дейінгі барлық мекемелер сонда-да білім басқармасы – уәкілетті органына берілу керек деп санайды. Бүгінгі таңдағы шындық осындай, мектепке дейінгі мекемелерге екі бірдей есепті аудандық әкімдікке және қосарланып басқармаға тапсыруға тура келеді. Сол уақытта, Молдаштың ойынша, аудандық әкімдіктер көбінесе шаруашылық қызметпен айналысулары керек.

- Бір жағынан, аудандық әкімдіктер мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландырады деп жазылған бюджеттік кодекстің нормалары бар, - деп түсіндірді ол. Мәселе мынада, жүйелі бюджеттендіру бірыңғай, бұл норма барлық өңірге қатысты, бірақ, әрине, көбінесе олар облыстарға жақын. Біз бірнеше рет экономика министрлігіне де, білім министрлігіне де ұсыныс жаздық, бірақ барлығы бюджет кодексінің нормаларына жүгінеді.

Жыл сайын қала балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды көбейтуде, соған сәйкес басқарма бұған қаржыландыруды қосымша сұрайды, - деді депутаттар. Бірақ, сонымен бірге халық қалаулылары бұл қаржы бақылауын жоғалтуға әкеледі, - деп алаңдауда.

Өз кезегінде депутат Мирас Шекенов, республикалық маңызы бар қалаларға қатысты Бюджет кодексіне тармақша енгізу үшін әкімдік және мәслихат тарапынан Үкіметке жүгінуді ұсынды.

- Қазір өте көп түзетулер енгізілуде, осы тармақтарды заңнамалық деңгейде өзгертуге болады, - деді Мирас Шекенов.

Сол уақытта, осы ұсыныспен жергілікті білім басқармасының сөз сөйлегені анықталды. Бірақ, ол әлі нәтижесіз. Мектепке дейінгі білімнің кезең-кезеңімен есебі жүргізілетін білім бөлімі аудандық әкімдік кезінде құрылған, - деп түсіндірді мекеме өкілі.

 

Аудан әкімінің орынбасарлары өз тараптарынан бұл шоғырландырылған айқындама деп сендіруде және бұл міндеттемелерді мүмкіндігінше тезірек беруге дайын.

- Біз үшін бұл үлкен мәселе. Біз өз тарапымыздан бұл міндетті беруге сондай-ақ министрлікке жүгіндік. Өйткені, қаржыландыру туралы құжаттарға мүлде «көзімізді жұмып» қол қоюға тура келеді. Сонымен бірге, бізде бақылау міндеттері жоқ, - деп сөз сөйледі «Алматы» аудандық әкімдігінің өкілі.

Айтпақшы, Тексеру комиссиясының төрағасында білім саласының бағдарлама әкімшілігіне онсыз да көп сұрақтар туындады. Ғалымжан Молдаштың айтуынша, олардың мекемесімен білім және ғылымды дамыту бағдарламасын өткізуге талдау жүргізілді. Өзгерлердің ішінде, оқушылар орнының жетіспеушілігі, мектептердегі үш ауысым мәселесі, жеке пәндердің педагогтарының жетіспеушілігі, материалдық-техникалық базаны жақсарту айрықша мәселе болып табылады, - деді ол.

- Мектептерге жалғастыра салынған құрылысқа қарамастан оқушылар орнының жетіспеушілік мәселесі толық көлемде жойылмаған. Деректерге сәйкес туу көрсеткіші және көші-қон үдерісі бойынша тек қана осы жылы жасы бойынша 10 мыңнан аса оқушылар орны тапшы болып отыр. Біздің көзқарасымыз бойынша білім басқармасы тарапынан жаңадан іске қосылатын объектілерді материалдық-техникалық жабдықтау мәселесі бойынша мүдделі тараптармен тым айқын бақылау және өзара әрекет қажет. Мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі бойынша мәселелер бар, соның ішінде тиісті қаражаттандыру, - деді тексеру комиссиясының төрағасы.

Отырыс кезінде, сондай-ақ Қаланы дамыту бағдарламасын бірнеше рет қабыл алмау туралы мәселесі көтерілді.

Бұған, заңнамаға сәйкес әкімдік жылына екі рет бағдарламаға түзету жүргізуге құқылы, - деп хабарлады Ғалымжан Молдаш. Шынын айтқанда ол, әңгіме жоспарлау сапасы жайлы болып тұрғанымен келісті.

Тап осы жағдайда орындаушы бағдарлама үшін Қаланы дамыту бағдарламасын орындамағаны үшін оларға жауапкершілік шарасы күшейтілсін деген шарттар құру қажет, - деді депуттатар.

Еске сала кетсек, депутаттар Мирас Шекеновтің төрағалығымен өткен тұрақты комиссия отырысы кезінде әлеуметтік-мәдени мәселе бойынша және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша қаланың 2017 жылғы бюджетін орындау нәтижесімен танысты. Сонымен, қаржы басқармасының деректері бойынша осы жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша қала бюджеті шығын бойынша 99,8% орындалған. Мақсатты трансферт және несие бойынша республикалық бюджеттен игеру 99,7%, соның ішінде ағымдағы бағдарламалар бойынша – 100%, даму бюджеті – 99,7%, несие – 100% құрады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен шығындар 99,8% игерілген.

Тұрақты комиссия жұмысына мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, қала басқармалары және департаментінің басшылары, қала ауданының әкімдер аппаратының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.