Депутаттар бюджетті анықтап алды

2018-2020 жылдарға арналған анықталған бюджеттін жобасын қабылдамас бұрын қалалық мәслихат депутаттары әкімдіктің кейбір басқармаларына қосымша қаражат нақты не үшін бөлініп жатқанын анықтап алды. Бүгін, мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде және тұрақты комиссияның бірлескен отырысы қарсаңында Астана қаласының стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов жергілікті бюджетке түзету не үшін жүргізілгенін түсіндірді.

Ең алдымен, ведомство басшысы бюджетті анықтау кезінде оның табыс бөлігін 7 млрд. 786,5 млн. теңгеге арттыру ұсынылды, - деп атап өтті. Сонымен бірге, қосымша қарастырылған мақсатты трансферттерге байланысты республикалық бюджеттен сомасы 26 млрд. 465 млн. теңгеге бюджетке түзету енгізу ұсынылды.

– Соның ішінде инвестициялық жобаны жүзеге асыруға – 3000 орынға арналған үш мектеп және 2087 орынды мектептерге төрт жапсыра салу құрылысына 24 млрд. 697 млн. теңге қарастырылған. Сондай-ақ, «Ишим» шағын станциясының ЖЭЦ-3 құрылысын, Сарыбұлақ өзені, Ишим өзенінің 110 кВ жоғарывольтты желісін қайта құруға, №1 Индустриялық саябақ, Бейсековадан Тұранға дейін №27 көшелер, №Е22, Е102 Тұран көшелерін, Тұраннан Жиделі көшесіне дейінгі №26 көшелердің инфрақұрылымын жалғастыруға, сондай-ақ Ботаникалық бақтың құрылысын аяқтауға республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді, - деді Расул Оразғұлов.

Бұдан басқа, жергілікті бюджеттен іштей қайта бөлу жолымен бюджеттік бағдарламалардың белгілі әкімшіліктерінің жылдық жоспары қайта қаралды. Бұл қаражат астананы дамытудың шұғыл мәселесін шешуге жіберуге жоспарлануда.

Сол уақытта, депутат Рамзия Умербаева инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі басқармасына не себепті туризмді жұмылдыруға 99,5 млн. теңге бөлінді және ведомство бұл қаражатты қалай қолдануға мақсатты деп білгісі келді? Басқарма басшысы Әлішер Әбдіқадыров осыған байланысты тым орасан күрделі жоспарларымен бөлісті. Анықталғандай, Астанада әлемнің әр түрлі қалаларының жарты жүз қала әкімінің қатысуымен үлкен халықаралық ісшара белгіленуде.

– Сіз білетіндей, Астана Еуразия орталығы болып белгіленген. Осы жерде Халықаралық конгресс өткізу жоспарлануда. Біз Қытай, Ресей, Индия және тағы басқа – әлемнің әр түрлі қалаларынан 500 қала әкімдерінің келуін күтудеміз. Бұл оқиғаны ұйымдастыруға осы қаражат қарастырылған, - деп түсіндірді Әбдіқадыров.

Осымен басқармаға сұрақтар біткен жоқ. Мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов білім басқармасына не себепті жыл сайын оқулықтар сатып алуға шығын артады деп сұрақ қойды?

Білім басқармасының орынбасары Гүлжан Айтжанова ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес жыл сайын оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтамаларды қайта басып шығару, осылай соңғы үш жылда 2017 жылы 2, 5, 7 сыныптар, 2016 жылы – 1, 8 сыныптар және 2015 жылы – 4, 6, 11 сыныптар үшін қайта басып шығару жүзеге асуда, - деп жауап берді. 2018 жылы қайта басып шығару

жаңартылған білімді енгізуге байланысты, бұдан басқа жыл сайын оқушылар контингенті артуда.

Осылайша, өзгеріс енгізу есебімен 2018 жылғы Астана қаласының нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі кіріс бойынша 427 млрд. 262 млн. 643 мың теңгені, бекітілген бюджет өсуімен 46 млрд. 047 млн. теңге немесе 12% құрайды. Атап айтсақ, бекітілген бюджет 381 млрд. 215 млн. құрады.

Осылай, әкім аппаратына қосымша 425,7 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 300 млн. төтенше жағдайларды ескерту және жоюға бөлінген; «Алматы» ауданы әкімдігінің аппаратына 108 млн. теңге бөлінді; «Есіл» ауданы әкімдігінің аппаратына қосымша 51 млн. теңге бөлінді; «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің аппаратына қосымша 354,9 млн. бөлінді.

– Құрылған «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің аппараты бойынша қосымша 751,7 млн. теңге, соның ішінде аппаратты қамтуға 36,2 млн. теңге бөлінді, 6 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 20 млн. теңге қарастырылған, елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 27 млн. теңге, елді мекендердің тазалық сақтауын қамтамасыз етуге 165 млн. теңге қарастырылған. «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 502 млн. теңге, - деп атап өтті стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қосымша 1 млрд. 148 млн. теңге, соның ішінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауға 154 млн. теңге және 938 млн. теңге денсаулық сақтаудың жаңадан іске қосылатын объектілерін қамтуға бөлінді. Мәдениет және спорт басқармасына қосымша 1 млрд. 173 млн. теңге, соның ішінде астананың 20 жылдығына іс-шара өткізу сияқты әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шараларды өткізуге – 400 млн. теңге бөлінді. Білім басқармасына – 1 млрд. теңге.

Қалалық ортаның регенерация басқармасына қосымша 291 млн. теңге бөлінді, соның ішінде «Бастапқы, негізгі, орта білім объектілерінің құрылысы және қайта құру» бағдарламасы бойынша Мичурино тұрғын алабында 600 орынды жалпы білім беретін мектептің құрылысын ортақ қаржыландыруды қамтамасыз етуге 165 млн. теңге бөлінеді деп хабарлайды.

Бұдан басқа, Астана қаласының мәслихат шешімімен Астана қаласы әкімдігіндегі жеке кәсіпкерліктің мәселелері бойынша Сараптама кеңесі және Астана қаласы әкімдігіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ведомствоаралық комиссия құрамы бекітілген.

Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары – А.К. Амрин, қала ауданының әкімдері, қала басқармалары және департаментінің басшылары, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.