Депутаттардың қолымен аллея

Астанада қалалық мәслихаттың әр депутатында атаулы шырша пайда болды. Астананың 20 жылдығына халық қалаулылары астанаға сыйлық жасады – астананың жаңа ауданы «Байқоңыр» әшекейі болатын депутаттар аллеясын отырғызды.

Депутаттар аллеясы Пушкин және Кенесары көшелерінің қиылысындағы парк аймағында пайда болды. Бұл жерде барлығы 150-ден аса жаңа кішкене шырша отырғызылды, соның ішінде 25-ін қалалық мәслихат депутаттары отырғызды. Халық қалаулыларын қолдауға «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің қызметкерлері және оның әкімі Ерлан Каналимов, сондай-ақ астананың жоғары оқу орнының және орта кәсіптік оқу орнының студенттері келді.

– Бұл жыл сайынғы акция. Көшеттің бөлігін біз жеке меншік қаражатқа, ал басқасын қала бюджетіндегі ақшаға сатып алдық. Депутаттар, қаланы дамыту мен көркейтуге өз үлесін қосуға осы бастамамен сөз сөйледі.

Бүгін алтыншы шақырылымдағы мәслихатта 25 депутат бар, және сондықтан соншама атаулы көшет. Жаңа аллеяда барлығы 150-ден аса көшет отырғызылады. Бұл Астана тұрғындарының барлығына, әсіресе жастарға үлгі. Адамда өзінің атаулы ағашы бар болу, бұл деген керемет қой. Мұнан бұлай бұл жерге өз балаларым мен немерелерімді әкелуге мен қуаныштымын, - деп мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов жоспарымен бөлісті.

Аудан әкімі Ерлан Каналимов атап айтқандай, болашақта осы саябақта көгалдандыру мен көркейту бойынша жұмыстар жалғасады. Қала тұрғындары демалу үшін орын жабдықтау жоспарлануда. Экологиялық айлық аясында ауданда сонымен қатар жаппай ағаштар отырғызылады. Көгалдандыру күз мезгілінде де жалғасады.

- Көктемде көшеттерді отырғызу кезінде отырғызудың кесек жүйесі қолданылады – бұл еңбекті көп қажетсінетін және шығынды. Күзде сол сомаға көбірек ағаштарды отырғызуға мүмкіндік беретін голотамырлы әдіс қолданылады, - деп нақтылады Ерлан Каналимов.