Доминик Димэ және Астана балалары балалар құқығы жайлы ән шырқауда

Бұл нағыз шынайы мереке болды. Оқушылар сарайында сәнді киініп кездесуді күткен оқушылар, қобалжып отырған ата-аналар және мұғалімдерге толы болды.

Себебі біздің астанамызға Доминик Димэ келген болатын. Доминик Димэ – француз елінің атақты орындаушысы және балалар құқығын қорғауға бағытталған жобаны қолдау үшін ұйымдастырылған «Әлем Балалары» әлеуметтік жобасына арналған балалар әндерінің авторы. Бұрындары бұл

жоба, Канада, Ливан, Мадагаскар сияқты әр түрлі мемлекеттерде өткізілген болатын. Міне бүгін жыл сайын әлем бойынша 20 – қарашада аталып өтетін дүние жүзілік балалар күніне орай, Доминик Димэ Астанада. Мереке қонақтары ішінде – Қазақстандағы Франция елшісі Филипп Мартинэ, ЮНИСЕФ (БҰҰ жанындағы балаларға көмек беру төтенше қоры) өкілдері, Астана қаласының Масилхаты, Астана қаласының Француз Альянсы, Астана қаласының білім беру басқармасы болды. Мерекелік шараны Қазақстандағы Франция елшісі Филипп Мартинэ ашты.

Балаларға арнап құттықтау сөзін және концертті ұйымдастырушыларға алғысын арнай отырып Астана қаласының Масилхат Депутаты Умербаева Рамзия Фаатовна сөз сөйледі.

Концертте әр түрлі жастағы, нақтырақ айтатын болақ: 17, 3 мектеп гимназиясы, НЗМ, «Мирас», Оқушылар сарайы сияқты әр түрлі білім беру мекемелерінен келген жүзге жуық бала қатысты. Балалар Доминикпен бірге отбасыларындағы моральдық және физикалық зорлық-зомбылық жайлы, әр түрлі кемсітушілік жайында сөз қозғап өлең айтты. Бұл жәйт залда отырғандардың ешқайсысын бей-жәй қалдырмады.

Осы сияқты мерекелер көп уақытқа дейін балалардың жадында қалады. Балаларды қолдауға арналған осындай үлкен концерт әрқашанда сұранысқа ие әлеуметтік жоба блып саналады.