Елорда аудандары әкімдерінің есепті кездесулері жалғасуда

Қазақстан Республикасы Президентінің "Әкімдердің халықпен есепті кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын жүзеге асыру аясында Астанада қала аудандары әкімдерінің халықпен кездесулері қатары жалғасуда. Басты мақсаты - халықты елімізде өткізіліп жатқан реформалар, әрі қарай әлеуметтік - экономикалық дамудың алда тұрған міндеттері мен негізгі бағыттары туралы хабардар ету.

Мәслихат хатшысы Ж.Ғ. Нұрпейісовтың төрағалық етуімен өткен "Сарыарқа" ауданы әкімінің кезекті есепті кездесуінде аудан әкімі Арман Тұрлыбек жиналғандар алдында атқарылған жұмыс туралы есеп берді, ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы оң өзгерістер туралы айтты, проблемаларды атады және оларды шешу жолдарын сөз етті. Кездесуде аудан тұрғындары көшелік жарықтандыруға, жолдар мен жаяу жүргін жолдарының жағдайына, аялдама павильондарының, әсіресе шеткі аумақтарда аялдамалардың болуына, аулаларды абаттандыруға қатысты және басқа да көптеген сұрақтар қойды.

Мәслихат хатшысы Нұрпейісов Ж.Ғ. кездесу қорытындысын шығара отыра, аудан әкімі аппаратының жұмысы туралы мәнді сұхбаттасу болғандығын атап айтты. Кездесуге қатысушылар ұсыныстар мен ескертулер қатарын атады, олар бойынша кездемуде аталған мәселелерді шешу үшін қалалық қызметтер басшыларына тиісті тапсырмалармен іс-шаралар жоспары қабылданатын болады. Аудан тұрғындары олардың орындалуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар болады.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мамытбеков Е.К., қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.