Елорда құрылысының регламенті әзірленді

«Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтында» ЖШС Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының тапсырысымен қала құрылысы регламенті әзірленді. Ол құрылыстың жоспарлы объект өлшемдерін регламенттеуге ғана емес, елорда құрылыстарының тығыздығын да реттеп отыруға мүмкіндік береді.  Құжатпен алғаш болып қалалық маслихат депутаттары танысты, ал қалалық маслихат сессиясында ол бекітілгеннен кейін, Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, жобалау институтының сайтында ашық қолданыста болады.

«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ директоры Жүнісов Сәрсембек атап өткендей, қала құрылысы регламенті ақпан айында жасалып қойған. Құжат уәкілетті органдармен келісім рәсімдерін өтті, енді қала құрылысы институтының қызметкерлері регламенттің екінші кезеңіне кірісті. Жобалаушылар регламенттің қызмет етуін бар жақтан арттыратын қосымша параметрлер қосуға ниетті. Жалпы, «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ-дің бас архитекторы Пирожков Арсенийдің айтуы бойынша, бірден-бір жұмыс атқарылды және құжаттың мемлекет бойынша аналогы жоқ. Оны әзірлеген кезде Ресей мен АҚШ мемлекеттерінен тәжірибе алынды.

- Біз осы екі мемлекет регламенттерін қарастырған кезде өз құжатымызда біріктірмек болған басты параметрлерді іріктеп алдық. Ол үш блокқа бөлінді. «Жобалау және құрылыс салу параметрлерін регламентациялау» блогына ғимараттың зәулімдігі мен қабаттылығы, қызыл сызықтардан және құрылыс сызығынан шегіністер енгізілді. «Құрылыстың тығыздығын реттеу» блогы шекараның максималды-ұйғарынды тығыздығын болжайды, ал құрылыстың қамтамасыздық мөлшері көгалдандыру, аббатандыру, көлік қою орындарының бөлігін өзіне қосады, - деп, бас архитектор атап өтті.

Сонымен қатар, құжатта құрылыс салу шектері, шекараны қолдану өлшемдері көрсетілген және аймақтандыру қызметінің рұқсатталған түрлері де айқындалған.

- Астана қаласында негізгі төрт аймақ бар: тұрғын, әлеуметтік, саудалық және басқа. Әр объект өз аймағында көрсетілетін болады. Қаланың электронды картасы арқылы потенциалды инвестор сол аймақта салуға болатын ғимараттың болжалды өлшемдерін көре алады, - деп, Пирожков Арсений нақтылап өтті.

Құрылыстың максималды және минималды биіктігі, «дизайн-код», тығыздық картасы, көлемді инженерлік жобалар, санитарлық-құтқарушы аймақтар және ландшафты шектеулер сияқты параметрлері болатын қосымша функциялармен бүгін жобалаушылар жұмыс жасап жатыр.

- Қала картасында төрт аймақ көрсетілетін болады, картаның масштабын ұлғайтқан кезде 129 сектор белгіленеді, кейін секторға шерту кезінде құрылыстың тығыздығы жайлы және ол қандай бөлшектермен қамтылғаны жайлы мәлімет көрсетіледі. Және осында барлық шектеулер, рұқсаттамалар және регламенттер жазылады, - деп баяндамашы толықтырды.

Қалалық маслихат депутаттарына ұсынылған қала құрылысы регламенті Қала құрылысы кеңесінде талқыланды және Астана қаласының әкімі Исекешов Әсетпен келісілді, регламент жақын арадағы маслихат сессиясында бекітілмек.