Елордада қандай мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер телімдері алынады?

Тұрақты комиссия отырысында мәслихат депутаттары жер телімдерін алудың қолданыстағы рәсімдерімен танысты.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшы орынбасары Назымбек Кенжебаев түсіндіргендей, 2016-2017 жылдар аралығында жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін мәжбүрлі мүліктен айыру және сатып алу бойынша жалпы ауданы 1324,5 км болатын 104 қаулы қабылданды. Оның ішінде, 9 – білім беру және спорт нысандарын жобалау үшін, 39 – көшелер, орама-аралық жолдар және инженерлік желілерді жобалау үшін, 14 – кәріз-сорғы станциялары және трансформаторлық қосалқы станцияларддың, жылумен жабдықтау нысандарының құрылысын жобалау үшін, бір қаулы №2 Индустриялық парк құрылысын жобалау үшін, 5 – нөсер кәріздері, тазартқыш ғимараттары және Есіл өзені арнасының құрылысын жобалау үшін, 2 – парктер, бульварлар мен саябақтар құрылысын жобалау үшін, 5 – әкімшілік ғимараттар құрылысы үшін. Сонымен бірге 11 қаулы

көппәтерлі тұрғын үй кешендерін, абаттандыру және автомобиль тұрағын жобалау үшін.

– Қаулыға сәйкес, жер телімдерін мәжбүрлі алу меншік иесіне хабар беру, келіссөздер жүргізу, мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында, содан кейін мәслихат сессиясында қарастыру үшін сатып алу шарттарын жасауды дайындау сияқты рәсімдермен бірге жүреді, – деді Назымбек Кенжебаев.

– Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тиісті өтемақы сомасымен жерді сатып алудың алгоритмдері ойластырылған ба?,– деп депутат Алмаз Ким өз кезегінде сұрағын қойды. Оның айтуынша, көптеген жеке құрылыс тұрғындары өздерінің қолайсыз тұрғын үйлері үшін үлкен сома сұрайды, сондықтан осы учаскелерді бұзу барысында мәселелер туындайды.

Бұған Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Руслан Ахметов өз мекемесінің мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер телімдерін мәжбүрлі мүліктен айыру кезінде меншік иелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы заңға өзгерістер енгізу туралы Үкіметтің қарауына бірнеше рет ұсыныстар білдірген айтты. Жақында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мүліктің өтелуінің нарықтық құнын жекеменшік иесіне төлеуді көзделйтін заң жобасын қарастыруды бастады.

Руслан Ахметов сондай-ақ өтемақының балама түрлері бар екенін түсіндірді. Бұл айырылған жер телімдерінің орнына басқа жер беру.

– 2016 жылы айырылған жер телімдерінің орнына басқа жер беру арқылы 384 млн. теңге үнемделіп, өткен жылы бұл сома 441,6 млн. теңгені құрады. Біз жекеменшік иесіне ақшалай өтемақы орнына қала қорынан басқа жер телімін ұсынуға мүдделіміз», - деп түсіндірді мекеме бастығы.

Содан ол мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер телімдерін алу тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Руслан Ахметовтың айтуынша, рәсімдердің белгілі бір алгоритмінен және әкімдікке жазбаша өтініш жасағаннан кейін, иеліктен шығарылған мүлік құның бағалау үшін тәуелсіз сараптама тағайындалады.

Келесі қадам - жер телімінің құнын анықтау. Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алынған жер телімдері немесе басқа жылжымайтын мүлік құның өтеу «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бабында реттеледі және өтемақы сомасы иеленуші мен жер пайдаланушының жер телімдеріне құқықтардың пайда болу негізіне тәуелді.

– Заңнаманың белгілі бір нормаларына байланысты тұрғындар сатып алудың құнын толық түсінбейді. Мәселен, егер жер мемлекеттен сатып алынса, онда мүлік иесі мемлекетке бұрын өзі төлеген соманы алады. Жер телімін бөліп төлеу арқылы сатып алған кезде, өтемақы алыну кезіндегі соманың мөлшерінде төленуі тиіс. Егер жер телімінің құны ЖТҮҚ немесе қосымша шаруашылық үшін қарастырылған болса, өтемақы жер телімінің нарықтық құнынан аспайтын

мөлшерде болуы тиіс. Егер жер телімі жекеменшік иесіне азаматтық-құқықтық мәміле немесе сот шешімі бойынша берілсе, онда өтемақы азаматтық-құқықтық келісімшартта немесе сот шешімінде көрсетілген, бірақ нарықтық құннан аспайтын мөлшерде анықталады. Егер бағасы келісімде көрсетілмесе, онда ол кадастрлық құны бойынша есептеледі», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Заңдағы дәл осы ережелер халық арасында үлкен наразылық тудырады.

Жалпы, 2016-2017 жылдар аралығындағы басқарма деректеріне сәйкес 1095 жер телімдері алынды. 2016 жылы 417 жер телімдерінде 44 әлеуметтік нысан салынды, оның ішінде 3 мектеп және сондай көлемде балабақша, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 7 көппәтерлі тұрғын үй кешені, 15 жол-көлік инфрақұрылымының нысандары, 3 бақша, жылу желілері және т.б. Сонымен бірге, тараптар келісімі бойынша 226 учаске алынды, сот шешімі бойынша – 189.

2017 жылы 62 әлеуметтік нысан құрылысы үшін 687 жер телімідері алынды. Өткен жылы тараптар келісімі бойынша 417 және сот шешімі бойынша 282 жер телімі алынды.

Сондай-ақ, Руслан Аманжолов негізінен саяжай телімінде тұратын азаматтар өтемақы мөлшеріне қанағаттанбағанын түсіндірді. Заңға сәйкес, олар бағбандық учаскелер ретінде бағаланады, бұл тұрғын үйге арналған жеке құрылымның құнынан әлдеқайда төмен.

– Коммерциялық кәсіпорындар үшін мемлекеттік мұқтаждықтар бойынша жер телімдерін алу фактілері бар ма?, – деген сұрақтарын комиссия мүшелері қойды. Басқарма өкілдері жер телімдерін алу заң бойынша жүргізіліп, қаланың коммуналдық меншігіне ауысады, одан соң аукцион арқылы сатылады.

Тұрақты комиссия жұмысына Маслихат хатшысы Ж.Г. Нұрпейісов, басқа да тұрақты комиссия депутаттары, қалалық басқармалар басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.