Елордада Құрметті азаматтар саны көбейді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С.Көлгіновтың ұсынысы бойынша мәслихаттың 53 сессиясында Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласының дамуы мен өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, белсенді Мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қосқан үлесі үшін Жанбыршы Есетұлы Нұркенов пен Надежда Михайловна Петуховаға "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасының жас астанасы - Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін мерекелеу қарсаңында қаланың құрметті азаматтарына құрмет көрсету дәстүрге айналды. Осы жылы да олар ескерусіз қалған жоқ. Қала активінде Жанбыршы Есетұлы мен Надежда Михайловнаға қала әкімі Алтай Көлгінов "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы" куәлігін, төсбелгі және марапат қағазын табыс етті.

Жанбыршы Есетұлы мен Надежда Михайловнаның атына астаналық мәслихаттың хатшысы Жанат Нұрпейісов, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Есілов алғыс айтты. Олар әр адамның өзіне сеніп тапсырылған учаскедегі қажырлы еңбегін, елорданың коммуналдық саласы мен денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлестерін атап өтті және денсаулық, амандық және қызметте табыс тіледі.