Елордалық мәслихатта тұрақты комиссиялардың көпшілік тыңдаулары өтті

2019 жылдың 7 тамызында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелері, өткізілетін көпшілік тыңдауларында Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Әшірбекұлы Кишкашбаевтың баяндамасын тыңдады.

Басқарма басшысы өз сөзінде депутаттар алдында елорданың орталық аллеяларының біріне "Қаламгерлер аллеясы" ("Жазушылар Аллеясы") атты атау беру туралы өтініш білдірді. Ұсынылған схемаға сәйкес, аллея Ж. Омаров көшесінде орналасқан, Бейбітшілік көшесінен бастау алады және Республика даңғылында аяқталады.

Баяндамашының мәліметіне қарағанда, атау беру алдағы уақытта елордада Азия жазушыларының I форумының өткізілуіне байланысты бастау алды, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам делегат, оның ішінде Нобель лауреаттары, көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысады деп күтілуде.

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы Тілеуғали Кишкашбаевтің ұсынысын қолдады.  Ол Қазақстан астанасының экономикалық тартымдылығымен қатар мәдени құрамдас бөлігі де дамуы тиіс екенін атап өтті. Ол сондай-ақ қала әкімдігі қолдауымен өткізілген ауқымды іс-шаралар туралы айтып, жазушылар одағының атынан мәслихат депутаттарына қаланың орталық аллеяларының біріне "Қаламгерлер аллеясы" атын беру жөніндегі бастаманы қолдау туралы өтініш білдірді.

Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібі бойынша шешімді бірауыздан қабылдады. Тұрақты комиссиялардың көпшілік тыңдауының хаттамасын БАҚ-қа және қала әкімдігінің сайтына орналастыру, сондай-ақ оны тиісті Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына енгізу ұсынылды.

Одан әрі жұмыс барысында ономастикалық комиссия жұмысының сапасы туралы және қаланың мектептері мен көшелеріне қазақстандық ұлы қайраткерлердің есімін беру мәселелері көтерілді.